Қиямет күні

Қиямет күні

С: Дүниедегі барлық жаратылыс түгелімен жойылғаннан соң не болады?
Ж: Одан кейін қиямет күні болады.
С: Қиямет күнінде қандай оқиғалар болады?
Ж: Алла тағала адамдарды қайтадан тірілтеді. Осылайша қабірлерде және басқа жерлерде шіріген және әр тарапқа шашылған денелер мен мүшелер, барлық ағзалар Алла тағаланың құдіретімен жиналып, адамдар бұрынғы тірі күйінде біріктіріледі.

С: Одан кейін не болады?
Ж: Алла тағала бәрінен бұрын Ысрапілді (ғ.с) тірілтіп, оған сүрді екінші мәрте үрлеуді бұйырады.
С: Одан кейін не болады?
Ж: Әрбір пенде өз денелерін іздеп тауып‚ әрбір өлі денеге жаны кіреді. Міне, осыдан кейін қабірлердің үсті ашылып‚ адамдар ұйқысынан оянғандай болып тіріліп, қабірлерінен жер бетіне шығады.
С: Қабірлерінен шыққан кісілер не істейді?
Ж: Әрқайсы махшар алаңына барады.
С: Махшар алаңы қандай жер?
Ж: Пенделердің дүниеде істеген істері сұраққа алынып, тергелетін жер.
С: Махшар алаңында не болады?
Ж: Әр пендеге дүниеде істеген амалдары жазылған дәптерлері беріліп, өздеріне мәлім етіледі және әркімнің амалы әділдік және туралық таразысымен өлшеніп, есеп- қисап болады. Кімнің жәннатқа кіру керек екендігі және кімнің тозаққа кіретіндігі үкім етіледі.
С: Махшарда пенделердің амалдарының есеп-қисабын кім жүргізеді?
Ж: Алла тағала тарапынан бұйырылған уәкіл періштелер есеп-қисап жүргізеді.
С: Пенделер есепке тартылғаннан кейін махшардан қай жерге барады?
Ж: Тозақтың үстіне құрылған сират атты көпірдің қасына барады. Әрқайсы сират көпірінен өтіп, жәннат тарапқа өтуді армандайды.
С: Сираттан кімдер өтуге лайықты болады?
Ж: Иманды салиқалы кісілер мен күнәлары кешірілген момын пенделер көпірден оңай өтіп, жәннатқа кіреді.
С: Сират көпірінен өте алмаған кісілер қайда барады?
Ж: Олар сират көпірінің астындағы тозаққа құлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *