Өсиет

Өсиет

С: Бір мұсылман кісі сырқатқа шалдықса, не істеуі керек?
Ж: Күнәларына тәубе етіп, кешірім тілейді. Көбірек құлшылық жасайды.
С: Ол адамның тамыр-таныстары, жақын-жуықтары не істеуі керек?
Ж: Науқастың жанына барып, жағдайын сұрау – сауабы мол іс. Қажетті жағдайда, оған материалдық әрі моральдық жәрдем берулері керек.
С: Хал үстінде жатқан адам не істеу қажет?
Ж: Ажалы жеткенін сезсе, мирасқорларына және басқа мұсылмандарға өсиет қалдыруы міндет. Әрбір адамның өзіне разылығын алуы және оларға разы болуы керек.
С: Қалай өсиет қылуы ләзім?

Ж: Артында қалған мал-дүниесінен берілмеген қарыздарды, сонымен қатар берілмей қалған зекет, ұшыр, пітір садақасы сияқты уәжіп садақаларды, қаза болған намаздардың, оразалардың пидиясын беруді өсиет қылуы уәжіп.
С: Қандай нәрселерге өсиет қылу сүннет?
Ж: Әрбір мұсылманға жақсы және тақуа болуды, дұшпандарын разы қылуды, тағы сол сияқты нәрселерді өсиет ету.
С: Қандай нәрселерді өсиет қылу мұстахап?
Ж: Артында қалған мал-дүниесінен мешіт, мектеп тұрғызуды, көпір, жол салуды, пақырларға садақа беру сияқты ізгі амалдарды өсиет ету мұстахап.
С: Ол адам қайтыс болған соң мирасқорлары не істейді?
Ж: Мирасқоры сол дүниеден өткен кісінің мал-дүниесінен жерлеу және кебіндеуге ақша алады. Қарыз адамдарға ақшаларын қайтарады. Қалған мал-дүниесінің үштен бір бөлігімен басқа өсиеттерді орындайды. Үштен екі бөлігі шариғат талаптарына сай мұрагерлері арасында бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *