Құқықтық шаралар:жалпы ұғымы

Құқықтық шаралар:жалпы ұғымы. Құқықтық шараларды ұйымдастыру
Жоспары:
Құқықтық шаралар:жалпы ұғымы. Құқықтық шараларды ұйымдастыру. Құқықтық шаралардың түрлері. Құқықтық шараларды өткізу әдістері.
Негізгі түсініктер:. Құқық, құқықтық шара, тәрбиелік мән, ұйымдасу.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетінің даму процесінен ажырағысыз. Бұл өз кезегінде дамыған азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Қоғамдық санада құқыққа әлеуметтік әділдік, ізгілік, жеке бас бостандығы негізінде өшпейтін әлеуметтік құндылықтар ретінде қарау орын алуы тиіс.
Азаматтардың құқықтық мәдениетінің жай-күйі оның құқық жүйесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту — тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері.
Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырмай, әрбір азаматты заңды аса құрметтеуге тәрбиелемей, оның ережелерін күнделікті өмірге енгізуге тікелей әрі белсенді қатысу дайындығын қалыптастырмай экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 14 мамырдағы N 14-622к тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2004 жылғы 24 желтоқсанда Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 — 2007 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Еліміздің барлық өңірінде осындай бағдарламалар қабылданған болатын.
Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі қағидаттарды: кешенділік және нәтижелілік; іске асырушылық (орындаушылық); сабақтастық; жүйелілік; атаулы бағыттылықты сақтай отырып, ауқымды ұйымдастырушылық шаралар кешенін орындауды көздеді. 2007 жылы Бағдарламаның қолданысы аяқталды.
Жалпы, осы Бағдарламаның қабылдануымен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмыс оң нәтиже көрсетті. Аталмыш жұмысты үйлестіру қажет деген түсінік қалыптасты. Осы бағыттағы тәжірибе зерделеніп, республика азаматтарын жүйелі құқықтық ағартудың заманауи әрі өзекті нысандарын, сондай-ақ жүйелі әдістерін әзірлеу мақсатымен өткізілген іс-шаралар кешені талдануда.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
4. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
5. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.
6. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б
Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.
А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *