Құрбандық

Құрбандық

С: Құрбандықтың мағынасы қандай?
Ж: Алла тағала үшін құрбандық деп бауыздалған жануар.
С: Құрбандық шалу қандай кісіге уәжіп болады?
Ж: Өзінің қажетінен артық нисап көлемінде малы бар кісіге уәжіп.
С: Құрбандықты қай уақытта сояды?
Ж: Құрбан айт күні, яғни, зул-хижжа айының оныншы күнінде, құрбан айт намазын оқығаннан кейін сойылады.
С: Ол күні сойылмай қалса, не істейді?
Ж: Он бірінші және он екінші зул-хижжа күндері сойылса, дұрыс болады.
С: Он үшінші күні құрбандық сою дұрыс па?
Ж: Дұрыс емес, өйткені, зул-хижжаның он екісінде күн батқан соң, құрбандық союдың уақыты шығады.
С: Құрбандықты кешке сою дұрыс па?
Ж: Дұрыс емес, мәкрүһ болады.
С: Бір кісі зул-хижжаның он бірінші, он екінші күндері құрбандық шала алмай қалса, не істейді?

береді. дұрыс.


ма?

Ж: Құрбандық үшін алған малды немесе сол малдың құнындай ақшаны садақаға

С: Қандай жануарлар құрбандыққа шалынады?
Ж: Қой, ешкі, сиыр, түйе сияқты айыр тұяқ жануардарды құрбандыққа шалған

С: Тауық, қаз және жылқыға ұқсас жануарларды құрбандыққа шалу дұрыс па?
Ж: Дұрыс емес.
С: Қой мен ешкі неше адамның атынан шалынады?
Ж: Бір адамның атынан.
С: Сиыр, түйе неше адамның атынан шалынады?
Ж: Бір кісіден жеті кісіге дейін бірігіп шалуға болады.
С: Жеті кісі жиналып бір сиырды құрбандыққа шалса, ет қалай бөлінеді?
Ж: Таразымен өлшеп бөледі.
С: Құрбандықтың терісін не істейді?
Ж: Кедейлерге береді немесе сатып, ақшасын кедейлерге садақа қылады.
С: Құрбандық шалған кісі құрбандықтың етін не істейді?
Ж: Кедейлерге үлестіреді, қонақ шақырады немесе өзінің отбасына қалдырады.
С: Құрбандықты кім бауыздайды?
Ж: Құрбандық шалатын кісі бауыздауды жақсы білсе, өзі бауыздайды, егер білмесе, басқа бір кісіге бауыздатып, өзі қасында тұрады.
С: Құрбан шалынатын қой немесе ешкі неше жаста болу керек?
Ж: Бір жасар болу керек.
С: Алты айлық қойды құрбандыққа шалу дұрыс па?
Ж: Егер семіз және үлкендігі бір жасар қойдай болса дұрыс.
С: Құрбандыққа шалынатын сиыр немесе өгіз неше жасар болуы керек?
Ж: Толық екі жаста болу керек. С: Түйе неше жасар болу керек? Ж: Бес жасар болу керек.
С: Есі ауысқан, қотыр, мүйізсіз, кестірілген жануарлар құрбандыққа жарайды

Ж: Құрбандыққа жарайды.
С: Қандай жануарлар құрбандыққа жарамайды?
Ж: Өте арық, жүре алмайтын, ақсақ, құлағының немесе құйрығының үштен бірінен

артығы кесілген, бір немесе екі көзі соқыр, аузында ешбір тісі қалмаған жануарлар құрбандыққа жарамайды.
С: Құрбандыққа қандай жануарларды шалу абзал?
Ж: Ақ немесе көк түсті, үлкен мүйізді, ағзалары сау, семіз қошқар абзалырақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *