Төрт ракағат намаз

Төрт ракағат намаз

С: Төрт ракағат намаздың қандай амалдары бар?
Ж: Төрт ракағат намазда төрт қиям, төрт рукуғ, сегіз сәжде, екі отырыс бар. Әуелгі отырыс екінші ракағаттың соңында, екінші отырыс төртінші ракағаттың соңында болады.
С: Төрт ракағат намазы қалай оқылады.
Ж: Төрт ракағаттық намаз екі ракағаттық намазға ұқсайды. Айырмашылығы: екі ракағаттың отырысында «Ташаһһудты» оқып, үшінші ракағаттың қиямына тұрады. Екінші отырыста ташаһудтан кейін салауат және дұға оқып, сәлем береді. Төрт ракағаттық намаз, бесін намазының төрт ракағат сүннетіне ұқсас. Сүннет намазының әр ракағатында Фатиха сүресінен кейін қосымша сүре оқылады. Бесін, екінті, құптан намаздарының парыздарында Фатиха сүресінен кейін, әуелгі екі ракағатында қосымша сүре оқылады, үшінші, төртінші ракағаттарында қосымша сүре оқылмайды. Фатиха сүресінен кейін рукуғқа барады.
С: Үш ракағаттық намаз қалай оқылады?
Ж: Үш ракағаттық намазда да екі отырыс болады. Біріншісі екінші ракағаттың соңында, екіншісі үшінші ракағаттың соңында, ақшам намазының үш ракағат парызының әуелгі екі ракағатында Фатиха сүресінен кейін қосымша сүре оқылады. Ал, үшінші ракағатында Фатиха сүресінен кейін, қосымша сүре оқылмайды. Үш ракағат үтір намазының әрбір ракағатында Фатиха сүресінен кейін қосымша сүре оқылады. Үшінші ракағатта сүре оқылғаннан кейін, тәкбір айтып құныт дұғасы оқылады, құнытты аяқтағаннан кейін рукуғ, сәжде және отырыс жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *