Пидия садақасы

Пидия садақасы

С: Пидия садақасы қандай садақа?
Ж: Өлген адамның оқи алмай қалған намаздары және ұсталмай қалған оразалары үшін берілетін садақа түрі.
С: Әрбір ұсталмай қалған оразалары үшін садақа қалай беріледі?
Ж: Ұсталмай қалған оразаның әр күніне пітір садақасы көлеміндей садақа береді.
С: Әрбір оқылмаған намаздары үшін пидия қалай беріледі?
Ж: Әрбір намаз үшін және үтір намазы үшін пітір садақасы көлеміндей беріледі.
С: Ғұмырында қаза болған кейбір намазы мен кейбір оразасын өтей алмай қайтыс болу қаупін сезсе, не істеу уәжіп болады?
Ж: Қалған ораза, намаздары үшін балаларына өсиет етеді.
С: Адам өсиет етіп, қайтыс болғаннан кейін мирасқорлары пидияны қалай береді?
Ж: Мәйіттен қалған малдың үштен бір бөлігін беру міндет.
С: Артында қалған малы пидия беруге жетпесе, не істейді?
Ж: Көлемі қанша болса, сонша беріледі. Жетпегені берілмейді. Егер мирасқорлары одан көбірек қылып берсе, сауап болады.
С: Бір адам пидия беріңдер деп өсиет етпестен қайтыс болса, ол үшін
мирасқорлары өздері біліп пидия берсе дұрыс па?
Ж: Дұрыс, сауабы мол.
С: Марқұмның ешбір малы болмай, оның орнына басқа бір адам пидия берсе бола

ма?

Ж: Болады.
С: Бір марқұмның қаза қылған намаздары, оразалары қанша екенін білмесе, не

істейді?

Ж: Шамамен есептеліп беріледі немесе балиғатқа жеткен уақытынан бастап қайтыс болғанға дейінгі уақытты есепке алып, әрбір оразасы мен намазы үшін пидия беріледі.
С: Мұндай жағдайда пидия қалай есептеледі?
Ж: Еркек адам болса 12 жастан, ал әйел адам болса 9 жастан бастап есептелінеді. Сол кезден қайтыс болғанға дейінгі уақытына ықтияттылық үшін тағы 1 жыл қосылып, кедейге пидия беріледі.
С: Пидия қалай беріледі?
Ж: Егер марқұмның артында қалған малының үштен бірі пидияға жететін болса, барлығын бірден береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *