Педагогикалық ұжымдағы тұлғаларалық қатынастар

Педагогикалық ұжымдағы тұлғаларалық қатынастар.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
Мектеп басшылары «Қарым-қатынас псиіхологиясы» бойынша жасалған
арнайы курспен таныс болу керек..
Мақсаты: мектеп басшыларын жүйелі — интегративтік әрекеттер ретінде
іскерлік катынас психологиясының теориялык білімімен камтамасыздандыру,
психотехниканың элементтерін, коммуникативті өзін-өзі ұйымдастыру өнеріндегі
өзін-өзі бағыттау мен өзін-өзі жетілдірудегі эмоционалды — жігерлі дағдыларды
меңгерту. Курстың мақсаты оку- тақырыптық жоспарларында көрініс алады. Оны
мысал ретінде беріліп отырған «Қарым-қатынас құрылымы, құралдары, түрлері»
тақырыбының жоспарынан көруге болады;
1. Қарым-қатынас процесінің функциялары. құралдары. кұрылымы;
2. Коммуникативтік құзырлылық -мектеп ұжымымен қажетті байланысты
орнатудағы және ұстаудағы кабілеттілік;
3. Қарым-катынастағы психологиялык тренингтер;
4. Практикалык жаттығулар: Коммуникативтік касиеттердің даму деңгейіне баға
беру. Топтық талдау: «Тиімді қарым-қатынас үшін қажетті қасиеттерді атап
көрсету» және т.б.
5. Практикалык жаттығулар: рөлдік карым-катынас — «Интервъю алу»,
«Сауалнама жүргізу» және т.б..
Арнайы курста меңгерген теориялык білімдерін, қатынас кұралдарын (тіл,
дауыс ырғағы. мимика, ым, дене қимылы т.б.), қатынас стратегиясын (ашық-жабық
катынас; монологтык-диалогтық; рольдік-тұлғалық), қатынас түрлерін (қарапайым
катынас, формалды-рольдік қатынас, іскерлік қатынас, рухани, тұлғааралык
қатынас, зиялы қатынас және т.б.) мектеп басшылары тренингтерде, практикалық
жаттығуларда өздерін еркін көрсетіп, іскерлікпен шыңдайды Мысал ретінде «Рольдік
қатынас» бойынша жүргізілген «Интервъю алу» жаттығуының әдістемесіне
токталайық: қатысушылар екі топка бөлІнеді, бірінші топта — интервью алатын
журналистер болады, екінші топта әрбір адам кімнің рөлін алатынын өзі таңдайды
(оқьтушы, директордың орынбасары, артист, спортсмен және т.б.) және өзінің рөлі
бойынша 3-5 минут аралығында журналистің сұрағына жауап береді. Соңында
мынадай сұрактар аркылы талдап, корытындыланады: Басқа рөлде катынас жасау
жеңіл болды ма? Жаттығуды орындау барысында кандай ойлар, қандай әсер пайда
болды? Рөлдік қатынастан сіз нені тусіндініз? және т.б. Нәтижесінде бұның бәрі
мектеп басшыларының ұйымдастырушылык кабілетінің {мұғалімдермен,
окушылармен психологиялык қарым-қатынасты орната білу; мұғалімдер мен
окушылар арасында психологиялык қарым-катынасты орната білу; мектепішілік
жұмыстарға мұғалімді белсендіре білу және т.б.) дамуына септігін тигізді
Әрине, мектепішілік басқару ісінің жұмысы осы жоғарыда айтылған бағыттармен ғана
шектеледі деуге болмайды. Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған
білім берудің жаңа жүйесі калыптасуда. Бұл процесс педагогикалык теория мен оку-тәрбие
процесінің практикасында елеулі өзгерістермен жаңаланып отыр. Білім
парадигмасының алмасуы жүріп жатыр: басқа мазмұн, басқа көзқарас.
Педагогикалық ұжымдағы тұлға аралық қатынастар
Мерри Фоллет Паркер(1868-1933жж) Элтон Мэйо (1880-1949) адамгершілік қарым-қатынас мектебінің жаңа бағытта дамуының негізін салушылар деп есептелінеді. Фоллет
ханым менеджментке тұңғыш рет «басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын
қамтамасыз етуші» деп анықтама берді.
Э.Мэйо қаласында адам еңбегінің тиімділігіне психологиялық факторлардың еңбегін
зерттеді. 1926 жылы «Фонд Ронфеллер» қаржысына Гарвард университетінде өнеркәсіпті
зерттеу бөлімі ашылып, 1927 жылдан бастап Э,Мэйо жұмысын дамытты. 1933ж Э, Мэйо
«Индустриалдық өркениеттегі адамгершілік қарым-қатынастар» кітабын шығарды.Бұл
кітаптағы басты идея-еңбек тиімділігі үшін психологиялық жағдай және жұмысшылардың
жақсы көңіл күйінің қажеттігі туралы.
«Бақытты жұмысшы дегеніміз, тиімді жұмысшы» деп тұжырымдайды. Э. Мэйо
басқаша айтқанда, жұмысшылардың еңбек тиімділігін арттыру үшін оны бақытты қылу кере.
Демек, жақсы меңгеруші тек өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру емес, жұмыстың
психологиялық жағдайларында, жұмысшылардың көңіл –күйінде ойластыру қажет, мұның
өзі еңбек тиімділігінің елеулі бір факторларының бірі. Меңгеруші ұжымдағы жұмыс
істейтіндердің кейбіреуін айрықша қамқорлыққа алуы тиіс.
2.Адамгершілік «қарым-қатынастар» мектебінің көрнекті өкілдері К.Арджерис,
Ф.Ликерт, Д.Макгрегор, Р.Блеин т.б Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын
топтардың рөлін орындау, басқару практикасындағы топтағы психологиялық және
әлеуметтік ерекшеліктерді тауып пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау
боолып саналады. Мәселен, «осы топтың өкілдері» классикалық мектептің еңбекті барынша
бөлісу жөніндегі негізгі тезистердің бәріне күмән келтіреді. Еңбекті толық бӛлісудің
нәтижесінде п.б топ ерекшелігі,тұрақтылығы әрі қатаң бақылаудың нәтижесінде
жұмысшыларды қарапайым операциялардың бір сарынды қайталануы қолайсыз әсер етіп,
оларды жалықтырады.
Еңбек бөлінісіндегі қолайсыыз зардаптарды жөніндегі ұсыныстың амалдардың ішінде
жұмысшыларды операцияны жоспарлауға және нормалауға (яғни оны ұлғайту және алуан
түрлілігін арттыру ) қатыстыру көзделген. Ұзақ сериялы және көп номенклатуралы өндірісте
тасқынды әдістен бас тартудан түрі өндірістің икемділігіне ықпал ететін, өнім сапасын
арттыратын, әрі шығынды азайтатын автономды құрастыру стенділерін енгіізуді ұсынады.
Автоматтандыру кезінде мамандықтарды үйлестіру ұсынылды. Мәселен, жабдықтарды
Жөндеуді керту және бақылауды үйлестіру. Мұндай жағдайда жұмысшылардың еңбекке
мүдделілігі артып, мамандығы жетіле түсетіндігін кәсіпкерлер атап көрсетеді.
«Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі
жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атай айтқанда,
олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлууді немесе ұйымның
формальді құрылымын қайта құруды ұсынды.
Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі»
принципін қатты сынға алып, биліктің жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептеледі.
Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды,мұның өзі идея қатынасының
тиімділігін арттыруды,жалпы саяси ұйымның жақсы қабылдануын әрі оның неғұрлым тиімді
жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Осындай қорытындыларға сүйене отырып, психологиялық мектептің зерттеушілері
былайша топшылайды. Егер басшылар өз жұмыскерлеріне көбірек қамқорлық жасаса онда
олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Тікелей басшылық
ететіндердің неғұрлым тиімді әрекет етуі, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым-қатынас жасауға
барынша толық мүмкіндік беруі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау амалдарын
пайдалануды ұсынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *