Педагогикалык менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету

Педагогикалык менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
Білім беру бірыңғай ақпараттық кеңістігі-Қазақстан Республикасында білім жүйесін басқару органдарының білім беруді
тиімді басқаруын қамтамасыз ететін, дер кезінде толық, шынайы салыстыруға
болатын ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған және жұмыс істейтін
компьютерлік техниканы қолдануға негізделген программалы-телекоммуникациялық орта.
Білім саласында уәкілдік ететін органдар, жергілікті атқару органдары, білім беру
ұйымдары өз қызметін атқару барысында алынған білім беру мониторингі
мәліметтері және соның ішінде басқа да ведомостволық статистикалық бақылау
мәліметтері кіреді.
Білім беру процесінің барысы мен нәтижесі, сонымен қатар оқудан тыс шаралар
туралы барлық қатысушыларға мәлімет беру, оқу процесі және оқу мекемесін
басқаруда ақпараттық қолдау көрсету, ұстаздарды, ата-аналарды, оқу мекемелерінің
әкімшілігін және жұртшылықты ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Компьютерлік желі-ақпарат алмасуға және ақпараттық қорды бірлесе пайдалануды
қамтамасыз ететін компьютерлердің өзара біріккен тобы.
Жергілікті компьютерлік желі-бір жерде немесе бір кәсіпорын шеңберінде
орналасқан компьютерлерді біріктіретін, пайдаланушылардың шектелген тобына
арналған компьютер желісі.
Желілік құралдар-білім беретін электронды басылым және қорларды құруда
телекоммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіншіліктерін қамтамасыз
ететін,білім беру қызметінде телекоммуникациялық компоненттерді қолдауға
арналған ақпараттандыру құралы.
Байланыс желісі-белгілі бір желінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін орталықтар
және байланыс тораптары, мамандандырылған арнақұрушы аппаратура, сымды-радио-,
оптикалық және басқа байланыс арналарының жиынтығы.
Коммуникация арнасы-ақпараттың дереккөздері мен оны өзара байланыстыратын
ақпараттық жүйенің бір бөлігі.
Интернет-адрестеудің бірыңғай жүйесін қолдайтын ірі және шағын компьютерлік
желілердің дүниежүзілік бірлестігі.
Интранет-ақпарат жіберуге Интернеттің хаттамаларын, құралдарын, бағдарламамен
қамтамасыз етілуін пайдаланатын жергілікті компьютер желісі;
Он-лайн (On-Line) жұмыс тәртібі-ақпаратты сұрау, іздеу, өңдеу, алу және қарап
шығу уақытында компьютерлік желіге тікелей қосылуды білдіретін жұмыс тәртібі;
Оф-лайн (Off-Line) жұмыс тәртібі-компьютерлік желіге ақпаратты сұрау немесе
сұрау бойынша ақпарат алу кезінде ғана қосуды ойластыратын жұмыс тәртібі. Сауал
дайындау және ақпаратты өңдеу желіден ажырату тәртібінде іске асады.
Бейнеконференция-бейнетехнологияны негізгі байланыс технологиясы ретінде
пайдаланып әр жерде тұратын адамдар арасындағы сұхбат немесе әдістемелік
мәжіліс құру, кездесу. Бұл кезде екі бағытты дыбыс және бір немесе екі бағытты
бейнекөрініс пайдаланады.
Білім беруді ақпараттандыру проблемалары-1) ҧстаздардың ЖАТ-ы енгізуге
қарсылығы сынып-сабақ жүйесімен сипатталатын топтасып оқыту және дербес
компьютерлер пайдаланатын жекешелеп оқыту түрі арасындағы қайшылықтардан
туындайды;
2) «хакерлік» феномененің пайда болуымен байланысты кейбір адамдар тобының
компьютер экранындағы виртуалды ақиқатқа енуі, олармен белсенді бірлесіп әрекет
етуі, бірақ ол нақты өмірден қол үзген тұлғааралық қатынастарының қысқаруы;
3) ақпаратты таратудың құқықтық негіздері: оқушылардың ақпарат алу құқығы,
оқушылар туралы ақпаратты, пайдалануға рұқсат етілмеген мектеп базасындағы
мәліметтерді оған зиян келтіру мақсатында пайдалануы және басқа адамдардың
автор құқығы, сонымен қатар тегін таратуына тыйым салынған ақпаратты білім беру
мақсатында пайдалануы және т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *