Пайғамбарымыз үмбетін қаншалықты жақсы көрді?

 

Мұсылман үмбеті Аллаһ елшісін жақсы көргені секілді Пайғамбарымыз да үмбетін өте қатты жақсы көрді. Тіпті жанындағыларды сахабаларым десе, өзінен кейін келетін біздер мен ақиретке дейінгі келетін мұсылмандарды «бауырларым» деп өзіне жақын тартқан.
Әнас ибн Мәлик былай дейді: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір және Омармен бірге Айшаның үйінде болатын. Мен ол кезде жасым он бесте еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шіркін, бауырларыммен жолыққанда ғой! Оларды қатты сағындым!» – дейді. Сонда Әбу Бәкір: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз сенің бауырларың емеспіз бе?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендер менің сахабамсыңдар, менің бауырларым мені көрмегендер. Мені растап, иман келтіргендер, мені қатты жақсы көретіндер. Тіпті олар мені өзінің баласынан да, әкесінен де артық жақсы көреді. Ей, Әбу Бәкір! Мен сені жақсы көргенім үшін олар сені де жақсы көреді, мұны қаламайсың ба?» – деп сұрағанда, Әбу Бәкір: «Қалаймын, Аллаһтың елшісі !» – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): « Менің саған деген сүйіспеншілігім үшін олар сені жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін », – дейді (Шархул-Мәзәхиби Әһлі Сунна 100-хадис.) . Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзінен кейін келетін мұсылман үмбетін қатты құрметтейтінін, тіпті өте жақсы көретінін білдіріп, оларды «бауырларым» деп атаған. Алайда дүниеде бауырларын көрмесе де ақиретте өзінен кейінгі келген үмбетінің баршасын қалайша танитындығын мына сөзімен түсіндіреді.
Әбу Хұрайра риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір күні мазарға барып: « Ей, қабір иелері, Аллаһтың сендерге сәлемі болсын. Иншаллаһ, бір күні біз де сіздердің қатарларыңа қосыламыз», – дейді де, артынша: «Бауырларымды сағындым, оларды көргім келеді», – дейді. Сонда сахабалар: «Аллаһтың елшісі, біз сенің бауырларың емеспіз бе?!» – деп таңданғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер менің сахабамсыңдар, ал бауырларым әлі келген жоқ», – деп сөзінің астарын түсіндіреді. Артынша сахабалар: «Аллаһтың елшісі, үмбетіңнен әлі келмегендерді қалайша танисың?» – деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Бір адамның маңдайы қасқа, аяқтары ала аты болса, оны бір топ қара аттардың ішінен тани ала ма?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Әрине, тани алады», – деп жауап берді. Артынша Аллаһ елшісі (с.а.с.): (Менен кейін келетін) бауырларым да дәрет алғандықтан жүздері мен аяқтары нұрлы күйде жарқырап келеді. Мен олардан бұрын (жаннатқа) барып, бұлақтың басында қонақ ету үшін күтемін…» (Хадистің жалғасы: «Байқаңдар! Түйенің өз келесінен қуылғаны секілді кейбіреулер менің де бұлағымнан қуылады. Мен оларға «Келіңдер мұнда» дегенде маған: «Олар сенен кейін басқа жолды таңдап адасты, үлкен

күнә істеді» деп айтылады. Содан кейін мен де: «Онда бізден аулақ кетсін, аулақ деймін») деп ақиретке дейінгі келетін үмбетін қалай танитындығын әрі оларды күтетіндігін айтқан (Мүслим,Тахарат 39 ) .
Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзін көрген сахабаларды да, өзінен ақиретке дейін келетін бауырларын да қатты жақсы көреді. Ол (с.а.с.) өте мейірімді әрі кешірімді. Құран кәрімде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) асқан мейірімді, үмбетіне жанашыр екендігін бейнелеп, үмбетінің қиналғаны оған ауыр келетінін білдіріп былай деген:

رحي ٌم

ر ُءوف

ُكم بِا ْل ُم ْؤ ِمنِين ص علَ ْي

حري

عنِتُّ ْم

ه ما

ْي علَ

عزيز

ُك ْم س

أَنفُ من

رسول

َء ُك ْم جا

لَقَ ْد

«Расында, сендерге араларыңнан ардақты бір пайғамбар келді. Қиналғандарың оған ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық. Мүминдерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді» («Тәубә», 128) .
Аяттағы «рауф, рахим» Аллаһ тағаланың көркем сипаттарына жатады. Алайда Пайғамбарымыздың үмбетіне деген шексіз мейрімінен, жұмсақтығынан Аллаһ тағала бұл екі сипатты Пайғамбарымызға (с.а.с.) берген. Осы сәтке дейін ешбір пайғамбарды мұндай Аллаһтың екі көркем сипатымен сипаттаған емес. Аятта мұсылмандардың қиналғандары оған ауыр келетіні айтылған. Біреу ауырса дереу өзі баратын немесе біреуді жіберіп жағдайын сұраттыратын. Аш болса қолындағыны беріп қажетін тауып беретін. Бір хадисінде «Кімде-кім артына дүние қалдырса, ол туыстарына қалады. Ал кімде-кім артынан қарыз немесе бағуға мұқтаж адам қалдырып дүниеден озар болса, қарызының өтелуі мен бағылуы керек адамға мен жауаптымын» (Мүслим, Фараиз 15) деп уәде еткен. Бір сөзінде Аллаһ елшісі (с.а.с.): « Шындығында, мен сіздерге әке секілдімін », – деп мұсылман үмбетіне қаншалықты жақын, жанашыр екендігін әке мен баланың қарым-қатынасына ұқсатқан. Әке баласына қалай мейірімді, тіпті тапқан табысы мен өмірін соған арнаған болса, Пайғамбарымыз да өмірін үмбетіне солай бағыштаған. Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайлары мүміндердің аналары екендігі айтылса, бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) барша мүміндердің әкесіндей жанашыр екендігін білдірген.
Үмбетіне әрдайым дұға ететін
Аллаһ елшісі ақиретке дейінгі мұсылман үмбетінің барлығы үшін дұға етіп жалбарынатын. Түнгі тәтті ұйқысын бұзып, жылы төсегінен тұрып таң атқанға дейін үмбеті үшін Аллаһ тағалаға жалбарынып дұға тілейтін. Бір күні Пайғамбарымыз екі қолын жайып: « Аллаһ тағалам, үмбетімді қорға, үмбетіме мейірімді бол!» – деп дұға тілеп отырғанда, Аллаһ тағала Жәбірейілге: «Ей, Жәбірейіл! Шындығында, Раббың барлық нәрсені білуші, сен барып, Мұхаммедтің не үшін жылап отырғанын сұра», – дейді. Жәбірейіл келіп, жылауының себебін сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған үмбеті үшін жылағанын айтты. Жәбірейіл Аллаһтың құзырына барып Пайғамбарымыздың сөзін жеткізді. Сонда Аллаһ тағала: « Ей, Жәбірейіл, Мұхаммедке бар да мынаны айт: «Біз сені үмбетің жайлы қуандырамыз, еш ренжітпейміз », – деп хабар жеткіздірді. Пайғамбарымыздың да қалауы осы болатын.

Айша анамыз былай дейді: «Бірде көңілді күйін көріп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен үшін дұға тілейсің бе?» – дедім. Ол: «Аллаһ тағалам, Айшаның өткен және келер, жасырын және жария күнәларын кешіре гөр», – деді. Айша (р.а.) бұған қатты қуанды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға: «Бұл дұғам сені қуанттыма?Аллаһтың атымен ант етейін, шындығында, бұл дұғаны үмбетім үшін әр намазда оқимын» (Сахих ибн Хиббан 47/16) деген. Барша пайғамбарларға жауапсыз қалдырылмайтын бір дұға нәсіп етілген. Алайда олар дұғаларын дүниеде қолданды. Ал Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) дұғасын ақиретке қалдырды. Ақиретте үмбетінің қиын сәтінде шапағат ету үшін сақтады.
Қайта тірілгенде, қыл көпірде, есеп бергенде қол ұшын созып, үмбетін уайымдап жүреді. Дүниеде баласы үшін жанын беруге дайын ана қорқыныш пен үрейлі махшар күні баласынан қашатын күн туады. Міне, осындай күні тіпті пайғамбарлардың барлығы өз басын уайымдауға көшкенде Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) «үмбетім, үмбетім» деп үмбетінің жағдайына алаңдайды. Бұл жағдайды Аллаһ елшісі (с.а.с.) өз сөзінде былайша баяндайды: « Қиямет күнінде адамзаттың басшысы мен боламын. Не үшін, білесіңдер ме? Аллаһ тағала барша адамзатты тегіс бір жерге жинайды. Ол жерде бір-бірін көре алады, айқайлап шақырғанның даусын ести алатын жер. Сол кезде Күн адамдарға жақындатылады, әрбір адам жан қиналысынан, уайымнан шыдай алмайтындай күйге түседі де бір-біріне:
«Мынадай жан қиналысымызды, басымызға келген жағдайымызды көрмейсіңдер ме? Халімізді Раббымызға айтып, шапағат ететін біреуді табуды еш ойландыңдар ма?» – деп сұрайды. Сонда кейбіреулері: «Атамыз Адам атаға барыңдар», – деп айтады. Олар Адам атаға барып: «Уа, Адам! Сен адамдардың әкесісің. Сені Аллаһ тағала құдірет қолымен жарат- ты. Саған өзінің рухынан үрледі. Періштелердің саған сәжде жасаулары бұйырылды. Сені жаннатқа кіргізді. Бізге шапағат ет», – деп шағымданады. Сонда ол: «Бүгін Раббым өте ашулы. Бұрын-соңды бұлайша ашу- лы болған емес. Раббым сол ағашқа жақындамауымды бұйырған болатын, мен оны тыңдамадым. Негізінде, менің өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Нұхқа барыңдар», – дейді. Олар Нұхқа барып:
«Ей, Нұх! Сен жер бетіне жіберілген елшілердің ең алғашқысысың. Аллаһ тағала саған «мол шүкір етуші» деген болатын. Біздің мынадай қиын жағдайымызды көрмеймісің? Бізге шапағат ет», – дейді. Сонда Нұх: «Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Менің бір дұғам бар болатын, ол дұғаны да қауымыма қарсы қолдандым. Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Ибраһимге барыңдар», – деп жөн сілтейді. Олар Ибраһим пайғамбарға барып:
«Сен Аллаһтың пайғамбарысың, Аллаһтың досы атандың. Раббымызға барып бізге шапағат ет! Басымызға мынадай қиын күн туғанын көрмейсің бе?» – дегенде, ол былай дейді: «Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Мен уақытында үш мәрте жалған сөйледім. Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Мұсаға барыңдар», – дейді. Олар іле Мұса пайғамбарға барып:

«Уа, Мұса! Сен Аллаһтың елшісісің. Аллаһ саған пайғамбарлық беруімен қоса сенімен тілдесу арқылы басқа адамдардан дәрежеңді жоғары етті. Аллаһ тағаланың құзырында бізге шапағат ет», – дейді. Ол: «Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Мен өлтіруім міндеттелмеген бір адамның жанын қидым. Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын», – дейді. Адамдар енді Иса пайғамбарға барып:
«Уа, Иса! Сен Аллаһтың елшісісің, оның Мария анамызға жіберген сөзісің әрі жаратқан рухысың, сен бесікте жатып адамдармен тілдестің. Аллаһ тағаланың құзырында бізге шапағат ет! Біздің қатты қиын жағдайда екенімізді көрмеймісің?» – дейді. Сон- да Иса: «Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес», – дейді де, ешбір күнәсін айтпайды. Содан кейін сөзін жалғастырып: «… Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Мұхаммедке барыңдар», – дейді. Сонда маған келіп:
«Уа, Мұхаммед! Сен Аллаһтың елшісі әрі соңғы пайғамбарысың. Аллаһ тағала сенің өткен және болашақтағы күнәларыңды кешірді. Раббыңның құзырында бізге шапағат ет», – дейді.
Сонда мен Аллаһтың аршының жанына келіп, Раббының құзырында сәждеге жығыламын. Сосын Аллаһ тағала бұрын-соңды ешкімге үйретпеген шүкіршілік пен мақтауды жүрегіме салады. Сосын маған: «Ей, Мұхаммед! Басыңды сәждеден көтер! Не қаласаң сол саған беріледі. Шапағат ет, шапағатың қабыл болады», – деп айтылады. Мен басымды сәждеден көтеріп:
«Уа, Раббым! Мен үшін үмбетімді кешір! Уа, Раббым! Үмбетімді құтқар!Уа, Раббым, үмбетімді кешір», – деп жалбарынамын. Сол сәтте маған: «Мұхаммед! Үмбетіңнен есепке тартылмай жаннатқа кіретіндерін жаннат есіктерінің оң жағындағы «бабул-айман»- нан кіргіз! Олар жаннаттың басқа есіктерінен де кіре алады», – деп айтады. Сосын Аллаһ елшісі сөзін жалғастырып: «Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстаған Аллаһқа ант етейін, жаннат есіктерінің екі қанатының ара қашықтығы Мекке мен (Бахрейндегі) Хажар немесе Мекке мен (Сириядағы) Бусра арасын- дай өте кең болады», – дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қыл көпірден өтіп бара жатқанда үмбетінен кейбіреулерінің жолда қалып қойғандығын біледі. Ол күні мейірімді Пайғамбарымыз (с.а.с.) көпірдің басында тұрады. Үмбеті қыл көпірден өтерде астындағы тозаққа түсуден қауіптеніп: «Уа, Мұхаммед! Бізге жәрдем бер», – деп жалбарынып жатқанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): « Уа, Раббым! Үмбетім, үмбетім. Мен бүгін өзімнің жағдайымды, тіпті қызым Фатиманың да жағдайын ойламаймын. Мен үмбетімді қалаймын », – деп Аллаһқа жалбарынады.
Бір хадисте « Аллаһ тағаладан бір періште келіп, үмбетімнің жартысын жаннатқа кіргізу мен ақиретте шапағат ету арасында таңдауымды ұсынды. Мен ақиретте шапағат етуді таңдадым. Шапағат өте кең әрі жеткілікті. Сіздер бұл шапағат тек қана үмбетімнің тақуаларына ғана бұйырады деп ойлайсыздар ма? Ол үмбетімнің қателік

пен күнә істегендеріне, күнәға белшесінен батқандарға », – деп жаннатқа үмбетінің жартысы емес шапағатымен барлығының кіруін қалайды.
Пайғамбарымыз о дүниеде үмбетінен кейбіреулердің өте қиын жағдайға тап болып, шапағатынан да мақұрым қалатындығын сөз етеді. Бұлай болуы олардың күнәларының ауырлығынан болса керек, сондықтан ақиреттің ауыр жағдайына тап болмау үшін үмбетінің тозаққа түсуін қаламайтын Пайғамбарымыз «Мені ұятқа қалдырмаңдар » 6 деп мол ғибадат жасауымызды ескерткен.
Үкімде үмбеті үшін жеңілін таңдаған
Ақиреттегі Аллаһтың мүміндерге дайындаған жаннатын білгендер үшін дініміздің бұйрықтары еш ауыр соқпайды. Соған қарамастан мейірімді Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбетіне әкелген дінінің негізгі ұстанымы да кешірім мен мейірімнен тұрғызылғандай. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дінді ең кемел түрде барлық үкімдерін толық орындаса да үмбетіне келгенде ең жеңілін таңдайтын. Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ елшісіне (с.а.с.) екі үкім арасында таңдау берілгенде міндетті түрде оңайырағын таңдайтын » (Бұхари, Манақиб, 27; Мүслим, Фазайл, 77) деп жұмсақтығын білдірген.
Бірде Аллаһ елшісі сахабаларына қажылықтың парыз етілгенін айтады. Сол жерде отырғандардың біреуі: «Жыл сайын қажылық жасаймыз ба?» – деп сұрағанда, Аллаһ елшісі жауап қайтармайды. Сұраушы сұрағын үш мәрте қайталағанда, «Егер «иә» деп жауап бергенімде, әр жылы қажылық жасау сендерге парыз болар еді, әрі бұған шамаларың жетпес еді», – деп, осындай парыз құлшылықтың өзін де шамасы келгенше үмбетіне жеңілдетуді қалаған. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Үмбетіме ауыр келмегенде, әрбір намаздың басында мисуак қолдануды бұйырар едім » (Бұхари, Жұма, 8; Мүслим, Тахарат, 42.) деген. Әр намаздың алдында мисуакпен тісімізді тазалау қиындық туғызар еді, әрі мисуак табу әрбір мұсылманға оңай
тимейді.
Аллаһ елшісі құлшылыққа қатты беріліп, намазда жеке тұрғанда ұзағынан оқитын, әсіресе, нәпіл намаздарын ұзағынан беріліп оқығанда, сахабалар ұюға шыдай алмайтын. Баланың жылағанын ести қалса, намазды тездетіп бітіретін. Анасының алаңдамауын қалайтын.
Намазда имамдық жасағандарға: « Сіздерден біреулеріңіз жамағатқа имамдыққа шығып намаз оқытатын болса, жамағаттың жағдайын ескере отырып, оларға ауырлық тудырмайтындай етіп оқытсын, өйткені жамағаттың ішінде әлсіз, науқас және қарттары бар. Ал егер жеке оқыса, қалағанынша ұзақ оқи алады » (Бұхари, Саләт, 183; Тирмизи, Саләт, 61) деп нұсқау берген.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) істеген уәжіп, сүннет, нәпіл құлшылықтарының барлығы мұсылман үмбетіне парыз болғанда халіміз не болар еді, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейбір істерін сахабаларынан жасырып, кейбіреулерін әдейілеп тәрк еткен. Өзі түнгі тәһәжжуд намазын қалдырмай оқыса да үмбетіне парыз болмас үшін ешкімге міндеттемеген. Ораза айында тарауих намазы үмбетіме парыз болмасын деп кейде көпшілікпен оқымаған. Айша анамыз (р.а.) ораза айындағы мына жағдайды баяндайды: «Бірде Аллаһ

елшісі (с.а.с.) мешітте намаз оқығанда, жамағат оған ұйып тұра қалды. Екінші түні оқығанда, адамдардың саны арта түсті. Үшінші және төртінші түні осы намазды оқуға жиналғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) шықпады. Таң атқанда, оларға: « Сендердің мешітке келіп, менімен намаз оқуды қалағандарыңды білдім. Намазға шықпауымның себебі, сендерге тарауихтың парыз болып кетуінен қорыққаным» (148 Сахих Мүслим, 2/177;
№1819 хадис) – деген. Иә, егер тарауих намазы парыз болғанда, оны оқымағандар күнәға батар еді. Бес уақыт намаз секілді орындасаң сауап, орындамасаң ақиретте жазасы ауыр күнәға айналар еді.
Миғражда үмбетін ойлады
Аллаһ елшісі (с.а.с.) миғражға шықты, ешбір жаратылысқа нәсіп болмаған Аллаһтың құзырына барды, жаннат пен тозақты көрді. Аллаһ тағаланың «әс- саламу алайкум аййуһән-нәби» (Әй, нәби, саған сәлем болсын!) деген сәлемін алды. Мұндай қасиетті сәлем сөзіне тек өзі ғана бөленбей, Аллаһтың сәлемі « әс- сәләму алайна уа ала ибадиллаһис-салихин» (Аллаһтың сәлемі бізге және Аллаһтың салиқалы құлдарының бәріне болсын
!) деп үмбетінің салихалы құлдарына да болатынын айтты. Осылайша барша жаратылыстың жаратушысы Аллаһ тағаланың құзырында тұрғанда да өзінің үмбетін ұмытпаған.
Миғражда Аллаһтың мол нығметінің ортасында жүрсе де үмбетіне қайта оралған Пайғамбарымыз (с.а.с.): « Мүміндер жаннатта жұма күні Аллаһ тағаланың дидарын тамашалайды », – деп сүйіншіледі. Негізінде, дүниеде мыңдаған жыл рақат өмір сүрсең де жаннаттың бір күніне тең келмейтіні секілді, жаннаттың мыңдаған жылы бір сағаттық Аллаһтың дидарын көруге тең келмейді.
Үмбетінің ақирет азабына ұшырататын күнә істері үшін қатты қынжылатын.
Адамның нәпсісі көбіне жамандыққа итермелейді, жалқаулық пен ақирет қамын ойламауға, ғапылдықа жетелейді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) әрдайым бізді дүние мен ақиреттің пайдасына шақырып, екі дүниеде де бақытқа кенелуімізді қалайды. Ақиреттің азабынан құтылуымызды ойлайды. Олай болса, Аллаһ тағаланың « Пайғамбар мүміндерге өздерінен де артық
» («Ахзаб» сүресі, 6-аят) деген.
Пайғамбарымыз: «Менімен сендердіңжағдайларың от жаққан адамның жағдайына ұқсайды. От жаққан кезде пәруаналар отқа түсе бастайды. Әлгі кісі оларды қуып (отқа түсірмеу үшін) жақындатпауға тырысады. Мен де сендерді оттан (тозақтан) құтқару үшін етектеріңнен тартып ұстауға тырысамын. Ал сендер қолымнан сытылып шығып кете бересіңдер» (Бұхари, Риқақ, 26; Мүслим, Фәдәил, 17-19) , – дейді.
Пайғамбарымыз бір сөзінде үмбетінің күнәлары үшін Аллаһ тағаладан жарылқау тілейтінін былайша баяндайды: «Саяхаттап жүретін періштелер бар, маған үмбетімнің сәлемін жеткізіп отырады», – деді де, артынша: « Өмірде болғаным сендер үшін жақсы, өзара сөйлесіп, сұхбаттаса аламыз. Жан тәслім еткенім де сендер үшін қайырлы, сендердің амалдарың ұсынылғанда, игі амал болса Аллаһқа шүкір етемін, ал егер жаман іс болса

Аллаһтан сол амалдың иесі үшін кешірім тілеймін » (151 Ибн Сайд, Табақатүл күбра 2/194; Мүснад әл-Бәззәр 1/307) , – дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *