Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қосымша есімдері мен лақап аттары қандай?

8. Қосымша есімдері мен лақап аттары қандай?

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түрлі есімдері бар. Солардың қатарындағы
«Мұхаммед» есімі Құранның бірнеше аяттарында айтылады («Әли Имран» сүресі, 144, «Аһзаб» сүресі, 40, «Мұхаммед» сүресі, 2, «Фәтх» сүресі, 29) . Ал Құранның 47-сүресі «Мұхаммед» есімімен аталған. Кейбір есімдер ежелгі кітаптарда да кездеседі. Мысалы, хазірет Исаның «Ахмед» деген есіммен сүйіншілегенін Құраннан білеміз (Саф» сүресі, 6) .
«Мұхаммед» сөзі «мақталуға лайық, мақталушы» дегенді білдіреді. Ал
«Ахмет» сөзі «Аллаһқа ең көп шүкір етуші» деген сөз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) көбіне көп Мұхаммед есімімен аталып, бұған қоса Хадиша анамыздан

туған Қасым атты тұңғыш ұлына байланысты «Әбул-Қасым» (Қасымның әкесі) деген лақап есімі болған.
Бір хадисінде: «Менің бес есімім бар. Мен Мұхаммедпін, Ахметпін, Махимін – Аллаһ күпірді мен арқылы жояды, Хаширмін – адамдар қиямет күні менен кейін тіріледі, Ақибпін – менен кейін пайғамбар келмейді», – деп айтқаны бар (Бұхари, Мәнақиб 17) .
Ғалымдар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) есімдері мұнымен ғана шектелмейтінін айтады. Олардың айтуынша, Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сипаттары ретінде расул, нәби, шаһид, мубәшшир, бәшир, мунзир, сиражун-нур, муддәссир, муззәммил, хатамун-нәбииун сияқты есімдері айтылады.
Аллаһ тағала бұдан бөлек хақ Елшісін (с.а.с.) өзіне тән Рауф және Рахим атты екі есіммен марапаттап, қадірін айшықтай түскен («Тәубе» сүресі, 128.) . Олай болса, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) есімінің көптігі, оның қадірі мен мәртебесінің биіктігін көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *