Пайғамбарымыздың болмыс-бітімі қандай еді?

9. Болмыс-бітімі қандай еді?

Аллаһтың жер бетіне жіберген пайғамбарлары ахлағымен де, ақыл- парасатымен де, дене бітімімен де ерекше сұлулыққа ие. Пайғамбарымыз (с.а.с.) кең маңдайлы кісі еді. Қасы қою, аралары өте жақын еді. Екі қасының арасында ренжігенде ерекше білеуленіп кететін тамыры бар еді. Көзі қара, кірпіктері ұзын. Сүрме жақпаса да екі көзі сүрме жаққан секілді болып көрінетін. Жымиып қарағанда сирек орналасқан ақ маржан тістері жарқырап көрінетін. Бет-әлпеті толған айдай нұрлы еді. Дөңгелек жүзді, сақалы тығыз. Толқын шашы қатты бұйра болмаса да, ортасынан қақ бөлініп иығына жетер- жетпестей төгіліп түсіп тұратын. Кейде шашы тұтас таралып тұрса екіге бөлмей тұрған қалпында жүре беретін. Шашы құлағынан төмен түсіп, иығына жетпей тұратын. Кекілі маңдайына дейін түсіп тұратын, кейінірек оны екіге қайырып қоятын болды. Кең иықты, кеуделі келген. Қарны кеудесімен бірдей болып біткен. Алақаны мен табаны ірі болатын. Алақаны жібектей жұмсақ еді. Семіз де емес, арық та емес. Орта бойлы. Денесі тершең, бірақ үстінен хош иіс аңқып тұратын. Екі жауырынының арасында түйеқұстың жұмыртқасына ұқсас пайғамбарлық мөрі болатын. Жүрісі түзу, теңселмейтін. Жылдам жүретін. Алға сәл иіле жүретін. Бір жаққа қараса, тұтас денесімен бұрылатын. Жан-жағына атүсті мойын бұра бермейтін. Сахабалардың соңынан жүретін. Ол кісіден жылдам жүретін адам жоқ еді. Әрқашан жүзі күлімсіреп тұратын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *