Пайғамбарымыздың бауырлары болған ба?

Емшектес бауырларынан басқа өзінің туған бауырлары болмаған, өйткені Пайғамбарымыздан кейін анасы Әмина құрсақ көтермеген.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүт анасының аты – Халима. Халиманың күйеуі – Харис ибн Абдулузза. Ол Меккеге келіп мұсылмандықты

қабылдаған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) емшектес бауырлары төртеу болатын. Абдулла мен Хұзайфа және Әниса мен Шәйма. Абдулла мен Шәйманың мұсылман болғаны тарихтан белгілі, ал қалған екеуі туралы мәлімет жоқ. Сонымен қатар, Хамза (р.а.) да Пайғамбарымызбен емшектес бауыр болып келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) туылған кезде Әбу Ләһәб қуаныштан оның сүйіншісін айтып келген Суәйба атты күңді азат еткен болатын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір апталық кезінде осы Суәйба емізген болатын. Ол Пайғамбарымызды (с.а.с.) емізбей тұрып Абдулмутталибтің баласы Хамзаны да емізген. Осы тұрғыдан Хамза мен Аллаһ елшісі (с.а.с.)
емшектес бауыр болып саналады. Тіпті кейбір риуаяттарда Хамзаны Халима да емізгендігі айтылады. Олай болса, Хамза Пайғамбарымызбен (с.а.с.) екі ана жағынан емшектес бауыр болып келеді(Бұхари, Сахих 2/935. Бұхари, Сахих 5/1961) .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *