Нәпіл садақа

Нәпіл садақа

С: Нәпіл садақа дегеніміз не?
Ж: Зекет, ұшыр, пітір садақасы, пидия және кәффараттардан басқа, кісіге парыз, уәжіп болмайтын садақалар.
С: Нәпіл садақа беру міндет пе?
Ж: Парыз да, уәжіп те емес, бірақ сондай сауабы үлкен мұстахап амал. Күнәлардың кешірілуіне, бәле-жаладан сақтануға себеп болады.
С: Қайыршы садақа сұрап келсе, не істеу керек?
Ж: Аз болса да, бір нәрсе беріп жіберуге әрекет ету керек. Бермесе де, оған қатты сөз айтпай, бергенін міндет қылмай, жұмсақ сөзбен көңілін көтеру міндет. «Әрбірімізге Алла тағала қайырлы дәулет берсін», – деп дұға қылған жақсы.
С: Садақа алған кісі садақа берген кісіге не деп дұға етеді?
Ж: Мына дұғаны тілейді:


Pعنe الVآفPاتe وP الVبPلeي[اتe وPاغVفeرVلهK ذKنKوبPهK وP أPكeدV إeيمPانPهK وPفlقVهK عPلPي خPيVرe
مPقPاصeدeهe

اPلل[هKم[ احVفPظV صPاحeبP هPذeهe الص[دPقPةe

Мағынасы: «Уа, Аллам, осы садақа қылушы кісіні әртүрлі апат және бәлелерден сақтағайсың, оның малдарын көп қылғайсың. Және де оны қайырлы мақсаттарына жеткізгейсің».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *