Нисапқа жыл толу

Нисапқа жыл толу

С: Зекет жылына неше мәрте беріледі?
Ж: Жылына бір мәрте беріледі.
С: Бір адамның қолына нисап мөлшеріне жететін байлық түссе, қашан одан зекет береді?
Ж: Сол күннен кейін бір жыл өткен соң беруі тиіс. Сол байлығы нисап мөлшерінен кемімесе, жыл сайын зекет беріп тұруы тиіс.
С: Нисап мөлшеріне жеткен байлығына бір жол толса да, бермей ұстап отыру дұрыс болады ма?
Ж: Бұл Исламның негізгі бес парызының бірі болғандықтан, міндетті түрде беру керек. Кешіктірсе, күнәһар болады. Бірақ, кейбір ғалымдардың пікірінше, кешіктіргені себебінен болған күнәһарлығы зекет бергеннен соң, мойнынан түседі.
С: Бір кісінің нисапқа жететін байлығы болып, бірақ жарты жылдан кейін ол кеміп, бір жыл толғанда қайтадан нисап мөлшеріне жетсе, одан зекет бере ме?
Ж: Әлбетте, зекет беру парыз, өйткені жыл соңымен есептеледі.
С: Бір кісінің нисап мөлшеріне жеткен дүниесі болып, бір жылдан кейін ол байлығы бірнеше есеге көбейсе, қанша зекет береді?
Ж: Жыл соңындағы дүниесінің 1/40 бөлігін зекетке береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *