Намаз

Намаздың шарттары

С: Намаздың шарттары, яғни намаздың сыртқы парыздары нешеу?
Ж: 1) дәретті болуы, яғни намаз оқушы кісінің денесі нәжістен таза болуы; 2) киімінің таза болуы; 3) намаз оқитын орны,яғни аяғы мен маңдайын қоятын жердің таза болуы; 4) дәретті кітапта баян етілгендей алуы; 5) әурет мүшелерінің жабық болуы; 6)

намаз уақытының кіруі; 7) истиқбал қибла, яғни намазды құбылаға қарап оқуы; 8) ниет ету, яғни тілмен айтып, жүрекпен бекіту. Егер тілмен айтып, бірақ жүрекпен бекітпесе дұрыс болмайды.

Намаз уақыттары

С: Парыз намаздарын уақыт кірместен оқу дұрыс бола ма?
Ж: Әлбетте дұрыс болмайды. Уақыты кірместен алдын оқылған парыз намазы, парыз намаз болып есептелмейді.
С: Өз уақытында оқылмай қалған намазды не істеу керек?
Ж: Бір басқа уақытта қазасын өтеу керек.
С: Таң намазының уақыты қалай жалғасады?
Ж: Таң жарығы басталғаннан күн шыққанға дейін.
С: Бесін намазының уақыты қалай жалғасады?
Ж: Күн төбеде тұрып, батысқа ауғаннан бастап екінті намазының уақыты кіргенге

дейін.

С: Екінті намазының уақыты қалай жалғасады?
Ж: Әрбір нәрсенің көлеңкесі өзінен екі есе ұзарғаннан бастап, күн батқанға дейін.
С: Ақшам намазының уақыты қалай жалғасады?
Ж: Күн батқаннан бастап, шапағы, яғни күннің батқан тұстағы қызарыңқы сұлбасы

біткенге дейін.
С: Құптан намазының уақыты қалай жалғасады?
Ж: Шапақ жоғалғаннан бастап, таң намазының уақыты кіргенге дейін.
С: Үтір және тарауық намаздары қай уақытта оқылады?
Ж: Құптан намазы оқылғаннан кейін, таңға дейінгі аралықта оқылады.
С: Айт намазы қай уақытта оқылады?
Ж: Күн шығып, біраз көтерілгеннен бастап, күн батқанға дейін оқылады.
С: Нәпіл және жаназа намазы қай уақытта оқылады?
Ж: Нәпіл және жаназа намазының белгілі бір уақыты жоқ. Мәкрүһ үш уақыттан басқа кез келген уақытта нәпіл және жаназа намазының оқылуы дұрыс. Бірақ, жаназа намазын күндіз оқу абзал.

Мәкрүһ уақыттар

С: Қай уақыттарда намаз оқу мәкрүһ?
Ж: 1) күн шығып бара жатқан уақытта; 2) күн тас төбеде тұрған кезде; 3) күн батып бара жатқан уақытта. Аталған уақыттарда ешбір намазды оқу дұрыс емес. Бірақ, екінті намазы оқылмаған болса, күн батып бара жатқан уақытта оқу дұрыс болады. Алайда қаза болған екінті намазын күн батып бара жатқан кезде оқу дұрыс емес.
С: Күн шығып бара жатқан уақытта таң намазын оқу дұрыс бола ма?
Ж: Дұрыс болмайды.
С: Бір кісі таң намазын оқып тұрған уақытында күн шыға бастаса не болады?
Ж: Намазы бұзылады. Сондықтан ол кісі күн шыға бастағанын көрсе, намазын бұзыу керек.Өйткені күн шыға бастаған уақытта таң намазының уақыты аяқталады.
С: Ол кісі таң намазын не істейді?


ма?

Ж: Күн шыққаннан кейін қазасын өтейді.
С: Бір кісі екінті намазын бастағаннан кейін, күн бата бастаса намазы бұзыла

Ж: Бұзылмайды. Өйткені күн тұтастай батпай, екінті намазының уақыты

шықпайды.
С: Бір кісі күн бата бастағанда екінті намазын оқып жатса, бір ракағат оқығаннан кейін батып кетсе, намазы бұзыла ма?
Ж: Бұзылмайды. Қалған үш ракағатын оқып аяқтайды. Оқыған намазы есептеледі .
С: Нәпіл намаздарды қай уақыттарда оқу мәкрүһ?
Ж: 1) таң атқаннан күн шыққанша; 2) екінті намазын оқығаннан күн батқанша; 3) имам құтпа оқып тұрған уақытында; 4) айт күндерінде: күн шыққаннан айт намазы оқылғанға дейін нәпіл намаздарын оқу мәкрүһ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *