Намаздың сүннеттері
айту;
С: Намаздың белгілі сүннеттері нешеу?
Ж: Жиырма бес.
1. Парыз намаздарын жамағатпен оқу;
2. Парыз намаздары үшін азан айту;
3. Парыз намаздарының алдында қамат айтып, тәкбір түсіру;
4. Тәкбір айтқанда екі қолды көтеру;
5. Қиямда тұрғанда екі қолды байлау;
6. «Сүбханака» дұғасын оқу;
7. «Тәғаууыз» оқу;
8. «Басмала» айту;
9. Фатиха сүресінен кейін іштей «Әмин» деп,- айту;
10. Рукуғ және сәждеге барғанда, сәждеден қайтқанда және қиямға тұрғанда тәкбір
11. Сүннет болған жолмен рукуғ жасау;
12. Сүннет болған жолмен сәжде жасау;
13. Сүннет болған жолмен отырыс жасау;
14. Рукуғ тасбихтерін айту (3 рет);
15. Сәжде тасбихтерін айту (3 рет);
16. «Тасмиғ», яғни «Самиъаллаһу лиман хамидаһ» деп айту;
17. «Тахмид», яғни «Роббанаа ләкәл хамд» деп айту;
18. Ақырғы отырыста салауат оқу («Аллаһумма солли, Аллаһумма барик»);
19. Ақырғы отырыста дұға оқу («Раббана әтина»);
20. Сәлемді оң жаққа беру;
21. Сәлем бергенде періштелерді, имамды және жамағатды ниет ету;
22. Имамның тәкбірлерді, тасмиғті және сәлемді дауысын шығарып айтуы;
23. Имамның бұдан басқа зікірлерді дауысын шығармай, іштен оқуы;
24. Сәждеге барғанда екі қолдан бұрын жерге екі тізені қою;
25. Муқтадилер әр амалдарын имамның амалына сәйкес етіп жасауы.