Намаздың мустахаптары

Намаздың мустахаптары

С: Намаздың белгілі мүстахаптары нешеу?
Ж: Жиырма.
1. Намазға кірерде, қол көтергенде саусақтарының арасын ашық ұстау;
2. Ер адамдардың қолдарын жеңдерінен шығаруы мұстахап, ал әйелдердің шығармауы мұстахап;
3. Қиямда болғанда екі аяқ арасын төрт саусақ мөлшеріндей ашық ету;
4. Ер адам қолдарын құлағының жұмсақ жеріне тигізу;
5. Қолды байлағанда сол қолдың білезігін оң қолдың бас бармағы және кіші саусағымен байлау, қалған саусақтарын үстіне қою;
6. Намазда оқылатын сүрелерді және зікірлерді тәжуидпен (ережеге сай) жақсылап
оқу;
7. Таң және бесін намаздарында ұзақ сүре, екінті және құптан намаздарында
орташа сүре және ақшам намазында қысқа сүрелерді оқу;
8. Бірінші ракағатты екінші ракағатқа қарағанда ұзағырақ етіп оқу;
9. Сәждеде болғанда бас бармақтың құлақ тұсында болуы;
10. Сәждеде қол саусақтарының бір-біріне тиіп тұруы;
11. Сәждеде башпайлардың жерге тиюі және табаның жоғары тұруы;
12. Саусақтар және башпайлардың құбылаға қарауы;
13. Рукуғ және сәждеде тасбихтарды тақ етіп айту, үштеп көп ету;
14. Отырыста саусақтарды жинап қоймай, ашық етіп санның үстіне қою мұстахап;
15. Үш және төрт ракағаттық парыз намаздарының екінші ракағаттан басқа ракағаттарында Фатиха сүресін оқу, бірақ сүннет, уәжіп және нәпіл намаздарының әрбір ракағатында Фатихамен бірге зәм сүресін қосып оқу уәжіп;
16. Қиямда тұрғанда сәжде жасайтын жерге, рукуғта екі бақай арасына, сәждеде мұрынға,ал отырыста өз алдына: екі тізе арасына қарау мұстахап;
17. Намазда жөтелу мен есінеуден сақтану;
18. Егер еріксіз есінесе, ауызды оң қолдың іші не сыртымен, не болмаса сол қолдың сыртымен жабу;
19. Намазда әдептілік пен тақуалықта болу;
20. Сәлем бергенде артында адам оның бетін көретіндей басын бұру;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *