Намаздағы ниет

Намаздағы ниет

С: Намаз оқуды бастамас бұрын оқитын намазына ниет ету дұрыс па?
Ж: Жүрегімен ниет ету парыз және тілімен қай намаз екенін айтып ниет ету мұстахап. Имамға ұюшының имамға еруді ниет етуі ләзім.Ниет сөзінің мағынасы: бір істі жүрекпенен орындау, әрбір амалда ниет парыз болса, сол жағдайда жүрегімен бекітіп, тілімен айту ләзім. Егер тілімен ниет етіп, бірақ ойы басқа жақта болса, ол ниет дұрыс емес. Сол ниетпен жасалған ғибадат дұрыс болмайды.
С: Жүрегімен бір намазды ниет етіп, тілімен бір басқа намазға ниет етсе, мәселен, бесін намазына ниет етіп, тілімен екінті намазына деп қателесіп айтқан болса, ниеті дұрыс болады ма?
Ж: Жүрегімен қай намазды оқитынын білсе, дұрыс болады.
С: Бес уақыт намазға қалай ниет етіледі ?
Ж: Мысалы, таң намазының сүннеті мен парызына былай ниет етеміз: «Таң намазының екі ракағат сүннетін оқуға ниет еттім. Халисән лилляһи тәғалә, Аллаһу Әкбар», «Таң намазының екі ракағат парызын оқуға ниет еттім. Халисән лилляһи тәғалә, Аллаһу Әкбар». Егер жамағатпен оқыса, «имамға ұйыдым» деген сөзді қосады. Қалған намаздарға да тура осылай ниет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *