Мәдина қаласына бару

Мәдина қаласына бару

С: Қажыларға Мәдинаға барып, Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с) шарапатты қабірін – Рауза мутаххараны зиярат ету парыз ба?
Ж: Парыз емес, бірақ парыз болмаса да, сауабы өте көп мұстахап амал, өйткені хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен қайтыс болғаннан кейін, кім қабірімді зиярат етсе, дәл мені тірі халімде зиярат еткендей болады, мен ол кісіні қияметте шапағат етемін», – деп уәде еткен.
Ескерту: Қажылық амалдарын жасауда және Мәдина қаласындағы мүбәрак жерлер мен қабірлерді зиярат ету кезінде ескерілетін әдептер мен оқылатын дұғалар бар. Мұның бәрін кішкене кітабымызда толық баян ету қиын. Сондықтан, қажылыққа баратын кісілер осы ұлық сапар туралы жазылған кітаптарды оқып шыққаны жөн. Сонымен қатар, Мекке- Мәдинаға барғанда қажылық ғибадатының жөн-жоралғысын білетін адамдармен бірге жүріп, тиісті амалдарды орындау керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *