Мүминдердің анасы» деген атауды қалай түсінеміз?

 

Пайғамбарымыз (с.а.с.) отау құрып, бала сүйді. Дүние салғанда артында жұбайлары қалды. Дініміз бойынша, кез келген әйелдің ері өлгеннен кейін өзге біреуге үйленуіне рұқсат етіледі, алайда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайларына тыйым салынған, өйткені олар мүминдердің аналары іспеттес. Құранда бұл жайлы: «Пайғамбар мүминдерге өз бастарынан да аяулы. Пайғамбардың әйелдері оларға ана…» («Ахзаб» сүресі, 6) және:
«Сендерге Аллаһтың расулын қиындықта қалдырып, ол қайтыс болғаннан кейін әйелдерін өз некелеріңе алуларың харам. Бұл Аллаһтың алдында үлкен күнә» («Ахзаб» сүресі, 53) – делінген. Осы жағынан кісінің Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайымен үйленуі әрбір мұсылман үшін харам, ал ол кісілерді құрметтеу міндет. Пайғамбарымыздың жұбайлары барша мұсылмандардың анасы делінгенімен, бұдан тыс мәселелерде олардың туған аналары секілді емес. Мысалы, олар барша мұсылмандардың алдында жабулы жүру керек, өз баласының алдында жүргендей жүре алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *