Матам, науха және тағзия

Матам, науха және тағзия

С: Матам деген не?
Ж: Матам – қайтыс болған марқұмды сағынып іштей жылау.
С: Науха деген не?
Ж: Науха – дауыс шығарып, марқұмға жоқтау айту.
С: Осыларды істеу дұрыс па?
Ж: Матам – дұрыс, рұқсат етілген. Бірақ науха – дұрыс емес, өйткені, бұл жахилият дәуірінен қалған әдет.
С: Марқұм үшін жылап, шаштарын жұлу дұрыс па?
Ж: Дауыс шығарып, жағаларын жыртып, басын соғып, шашын жұлу дұрыс емес.
С: Тағзия деген не?
Ж: Тағзия – марқұмның жақындарымен жылап көріскенде: «Марқұм жақсы кісі еді, Алла Тағала рахмет қылып, жанын жәннатық қылсын», – деп көңіл айту. «Енді қалғандарымызға Алла Тағала жақсылық берсін, жылама енді, сабыр қыл, әрбіріміз бұл дүниеде жолаушымыз (қонақпыз), бәріміз өлеміз және сол жерге (қабірге) біз де барамыз. Алла Тағала әрбірімізге жәннатта кездесуді нәсіп етсін», – деп айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *