Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі көзқарастар

Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жҥйелі көзқарастар
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1.Педагогикалық жүйе әлуметтік жҥйенің түрі ретінде.
2.Педагогикалық үрдістің козғаушы куштері.
Көптеген ғалымдар басқарудың функциональды жүйесіне:
1.Болжау.-2.Жоспарлау.-3. Шешім қабылдау.-4 Ұйымдастыру.-5 Бақылау.-6 Есепке
алуды жатқызады.
Білім беру мекемелерінде негізге алынып жүрген Ю.К.Бабанскийдің, П .Т.
Фроловтың, В.А.Сластениннің оқу құралдарында көрініс алатын басқару қызметінің
жүйесі :
1.Жоспарлау;2 Ұйымдастыру;3 Ынталандыру;4 Бақылау; 5. Нәтижелерін талдау;
Басқару қызметі жүйесінің циклограммасы:
Педагогикалық талдау (П Т )
Мақсат қою және жоспарлау (МҚЖ)
Ұйымдастыру (Ҧ)
Бақылау (Б)
Реттеу (Р)
Коррекциялау (К)
Мектеп басшысы ең алдымен, басқару процесін емес, керісінше. соңғы нәтижені
бақылауы тиіс. Немесе, басшы мектеп пен мұғалімнін жұмысын көрсеткен нәтиже
бойынша тексеруіне болады
:
мұндағы максат — тексерілуші объектінін тәжірибесін
анықтау және жетілдіру. Мұндай жағдайда мектеп басшысының баскару жұмысының
тиімділігі мектеп баскарудағы жұмыс сапасының денгейін арттыруымен және
оқушыны тұлға ретінде калыптастырудағы маныздылығымен ерекшеленеді.
«Басшылық жасау — бұл да басқару, бірақ адамның адамды басқаруы», — деп Э.И
Моносзон өте орынды айткан. Байкап қарасақ, педагогикалық басшылық жасау
педагогикалык ҥрдісте адамдар арасындағы ұзақ қарым-қатынасты негізге алады.
Педагогикалык басшылык жасаудың ерекшелігі де осында, ол әлеуметтік қызмет
болып анықталған оқыту мен тәрбиелеуді іске асыратын адамдардың іс-әрекетіне
бағытталады.
Басшылық жасау — педагогикалык талдау,
-жобалау,
-ұйымдастыру,
-реттеу.
-есепке алу және бақылау сияқты басқару кызметінің бір саласы.
Баскару жалпы білім беретін мектептегі сияқты кез келген динамикалық жүйеге тән.
Мектепті баскару- ол тек мектеп әкімшілігінің іс-әрекеті емес, ол мектеп кұрылымын
байланыстыру тәсілі, оның тұтастығы және ортамен өзара карым-катынасының
сипаттамасы, Баскарудың осы, ішкі және сырткы байланыстары мен қарым-катынастары
мектептің интеграциялық жүйесінің тууына себепші болады.
. «Басшылық жасау» ұғымы директордың адамдарға (орынбасарларына,
мұғалімдерге, косымша қызметкерлерге) тікелей әсер ету ерекшелігін бейнелейді.
Осылайша ықпал ету жолымен ол оқу-тәрбие және баска процестерді және
біртұтастықта құрылатын мектеп жұмысына жетекшілік етеді. Бұл директор
кызметінін бірінші блогы-өзіндік басқаруды құрайды.
Директор кызметінің екінші блогы — педагогикалық блок. Өткен жылдардағы
алдынғы катарлы педагогтар директордың жұмысы өзінің педагогикалык
ерекшелігімен айкындалуы тиіс, оньң басқарушылық ықпал жасауы баскару
объектісінде де (мұғалімдер мен окушылар), кызмет жасау аясында да (мектеп) ерекше
сипатта болуы керек деп санаған. В.А. Сухомлинский: «Жаксы директор — өзі
оқытып жүрген балалар үшін де, қол астындағы кызметкерлер үшін де, ең алдымен,
жақсы ұйымдастырушы, тәрбиеші және дидакт», — деп ескерткен.
Директор қызметінің үшінші блогы — карым-катынастык (коммуникативтілік) блок.
Баскарудың әлеуметтік — педагогикалық әдісі, оның: окытушылар ұжымын
топтастыру. қоғамдык көзкарасты калыптастыру, тұлғааралық карым-катынас
тиімділігін. канағаттылык сезімін тудыру, ұжым мүшелерінің шығармашылык
белсенділігін көтеру сиякты компоненттерін бөліп көрсетеді. Директордың өз
карауындағы кызметкерлерімен. ата-аналармен карым-катынасы басқару жұмысының
маңызды жагын көрсетеді, ал бұл болса директордың іс-әрекетінде көрсетілген
қарым-катынас блогының дұрыстығын дәлелдейді.
Төртінші блок — зерттеушілік блок. Бұл директор жұмысынын, әсіресе,
соңгы жылдардағы жұмысында анык көрініс алады Педагогикалык блок
басшылык жасауды,. зерттеушілікгі. карым-катынасты кажет етеді және оларды
оңтайлы ұйымдастыру аркылы жүзеге асады. Ұйымдастыру, біріншіден, мекгептегі
барлык сатыларды баскару субъектілерін түгел камтиды, екіншіден, педагогикалық
ұжымның барлых мүшелерінің әрекеттестігіне. Ынтымактастығына, ғылыми-шыгармашылык
ізденіске, бірлесе баскаруға, өзін-өзі баскаруына жағдай жасайды,
үшіншіден сенімділікке, демократиялық, ізгіліктік, гумандык процеске негіздейді.
Ұйымдастырудың нәтижелі болуы директордын басқару әдістерін тиімді
пайдалана білуіне байланысты (ұйымдастырушылык-әкімшілік, экономикалық,
педагогикалық, әлеуметтік-психологиялык т.б.}.
Басқару ңызметі мынадай қағидаларды:
-басқарудыц жариялылъқ қағидасын (оку орнының алдына қойған мақсатына
жетуі үшін барлык ұжымды камтуды көздейді);
баскарудың экономикалъқ қағидасын (баскару шешімдерін жүзеге асыру,
кабылданған шешімге және олардың тепе-теңдігіне байланысты каржы ресурстарының
шығынын аныктайды және қаржыландырудың көздерін іздестіреді);
-оңтайлы инновациялық қагидасын (стандарттык баскару мәселелеріне жаңа
колайлы жағдайды іздестіреді, оқушылардың шығармашылық белсенділігін
калыптастырады әлеуметтік қағидасын (ұжымнын әлеуметтік мәселесін шешуге
бағытталады):
-басқарушының құзырлық қағидасын (баскарушының кәсібилік жағынан барлык
деңгейдегі басшыларға қойылатын талаптың бірте-бірте өсуін пайымдайды)
тірекетеді және нақты функционалдык жүйе арқылы жүзеге асады
-Максат қою мен оқу-тәрбие процесін жоспарлауды жетілдіру педагогикалык
жүйенің үнемі даму, козғалыс жағдайында болу кажеттігінен туындайды. Бүгінгі мектеп
басшыларына тән ортақ кемшілік олар. Көбінесе, «Неге қол жеткізу керек?» деген сұрақтың
мәнін ашудан бұрын «Калай қол жеткізу керек?» деген сұраққа жауап беруге асығады, яғни
максатты тұжырымдап алмай, тікелей міндеттерді белгілеуге кіріседі. Мұндай әдіс,
әрине, тиімді болмайды, бұл арада басқару циклі жоспарлау қызметінен көрініс
табатын максат коюдан және міндеттерді анықтаудан басталады.
Егер бүгінге деиінгі жоспарлау мектеп ұжымы қьізметіне берілген кешенді
талдау негізінде жұмысты корытындыласа, содан соң алдыңғы баскару цикліне баға
беріп, еңбек ұжымы кызметінің накты максаты мен міндеттерін және оларға қол
жеткізу кұралдарын аныктаса, соңғы уакытта ол шешім қабылдаумен
байланыстырылады. В.А.Сластениннін сөзімен айтқанда, мектеп басқарудағы
жоспарлау зерттелетін кұбылысты педагогикалық талдау нәтижелерімен бағдарланған
максаттын аракатынасы негізінде шешім кабылдау болып саналады.
Баскару кызметі жүйесінің ұйымдастыру кезеңінің мазмұны мұғалімдер мен
окушылар, педагогикалық ұжым, ата-аналар және жұртшылык арасындағы өзара
катынасының сипатымен аныкталады. Іскер. өзара қарым-катынастық сенімге
құрылған дербес ұйымдар мен оқушылар ұжымынын көптеген шығармашылық
бірлестіктерін құруға, оларға мектептің барлық окушыларын тартуға, олардың
шығармашылык кабілетін дамытуда барлык мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай
жасайды. Бұл жерде барлық баскару буындарының қызмет мазмұнын анықтау,
олардың қызметіндегі өзара әрекетті (әрекеттестікті), үйлесімділікті
ұйымдастыру, олардың арасында субординациялық, координациялық және кері
байланыс қатынастарын орнату айрыкша мәнге ие.
Мектеп басшысының міндеті — барлық басқару органдарының ыкпал ету
аймағын дәл аныктау, оларға белгілі бір өкілеттіктер (кұкыктар) беру жэне оларға
жүктелген міндеттерді орындау әдістемесі бойынша тұракты түрде нұсқаулар беріп
отыру, олардың кызметін ынталандыруды және координациялауды камтамасыз ету,
педагогикалык процеске қатысушылардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын,
мінез-кұлык мотивтерін дұрыс бағалау және ұжым мүшелерінің вертикаль бойынша
да. горизонталь бойынша да ықпалды қарым-қатынасына кол жеткізу болып
табылады.
Директордың орынбасарлары оку жұмысы бойынша, тәрбие жұмысы
бойынша, оку-өндірістік жұмысы бойынша/ кәсіптік мектеп үшін/, бейімді оқыту
бойынша, ннновация бойынша, оку үрдісін реттеу немесе ұйымдастыру мәселелері
бойынша, экономика және кәсіпкерлік жұмысы бойынша шаруашылық жұмысы
бойынша;
Окушылардын кызығушылыктары бойынша әртүрлі топ жетекшілері
Конференция, мектеп кеңесі, педагогикалык кеңес, директор жанындағы кенес,
үйлестіру кенесі. экономикалык кеңес, эксперттік кеңес, аттестаттау комиссиясы
емтихан комиссиясы
Ата-аналар комитетінің жиналыстары, үйлестіру кеңесі
Окушылар комитетінің жиналыстары, үйлестіру кеңесі
Мұгалімдер кеңесі,
үйлестіру кенесі
Бірлестік, кафедра, мектепшілік топтар мәжілістері, үйлестіру кеңесі
Функциалды кызмет жетекшілері жанындағы кеңестер, үйлестіру кеңесі
Әдістемелік ғылыми-әдістемелік кеңес, директордың орынбасары жанындағы кенес,
үйлестіру кенесі
Психологиялык білім беру кафедрасы,Эстетикалык білім беру
кафедрасы,Политехникалык білім беру кафедрасы,Гуманитарлык білім беру
кафедрасы,Бастауыш білім беру кафедрасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *