Ихрам кию тәртібі

Ихрам кию тәртібі

С: Мухрим кісіге қандай істерді жасап, қандай істерден сақтану керек?
Ж: Әдепсіз сөз сөйлемеу, әйелімен жақындаспау, күнә істерді жасамау, бір-бірімен айқайласпау, жан-жануарларды өлтірмеу, тігілген киімдерді кимею, басына ешнәрсе кимеу, аяғына мәсі, етік және байпақ кимеу, жүзін және басын бір нәрсемен жаппау, иіссу жақпау, тырнағын, шашын және басқа да түктерін алдырмау, шаштары мен сақалдарын тарамау және майламау керек. Қажылық амалдары аяқталғанша жалаң бас, жалаң аяқ, ақ ихрам киімімен жүреді. Әрбір тәлбия оқылатын жерде тәлбия айтады.
С: Ихрамда болған кезде жоғарыда айтылған істердіңбірін жасап қойса, не болады?
Ж: Ол кісіге бір мал сою немесе садақа беру керек болады.
С: Мухрим кісіге қандай істерді жасау дұрыс?
Ж: Жеу, ішу, ұйықтау, дәрет алу, ғұсыл құйыну, беліне ақша сақтайтын әмиан байлау, қолшатыр ұстау, аяғына сүйретпе аяқкиім кию дұрыс.
С: Ер мен әйелдің қажылық амалдарын жасауында айырмашылық бар ма?
Ж: Алты айырмашылығы бар: 1) Әйелдер ихрам киімдерін кимейді, өз киімдерімен жүреді; 2) Тігілген киімдерді кие береді; 3) Бастары жабық болады; 4) Тәлбияны іштей айтады; 5) Ихрамнан шыққан соң, шаштарын алдырмайды және қысқартпайды; 6) Егер етеккір болса, оның мерзімі аяқталғанша парыз тәуабын жасамайды. Тазарғаннан кейін қазасын өтейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *