Истибра және истинжа

Истибра және истинжа

С: Дәретханаға кіріп-шығу әдебі қалай?
Ж: Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығады. Құбылаға алдын немесе артын қаратып отырмайды. Әурет жеріне және шыққан нәжіске қарамайды, сөйлемейді. Қажетін өтеген соң, көп отырмай шығу керек.
С: Ашық жерде дәретке қалай отырады?
Ж: Құбылаға, күнге, айға, желге қарап отырмайды.
С: Қалтасында аят, хадис немесе Алла тағаланың есімі жазылған қағаз болса, солармен дәретханаға кіруге болады ма?
Ж: Мүмкіндігінше қадірлі-қасиетті нәрселерді дәретхананың сыртына қойып кіру мұстахап.
С: Дәрет сындырып болған соң не істейді?
Ж: Истинжа жасайды яғни, нәжіс шыққан жерді тас, кесек не шүберекпен сүртіп, тазалау сүннет. Одан соң жуу мұстахап. Бірақ нәжіс шығатын жердің айналасына тиынның көлемінен көбірек мөлшерде жайылса, сумен жуу уәжіп.
С: Истибра (нәжісті кетіру) мен истинжаны қай қолмен жасайды?
Ж: Сол қолымен жасайды, оң қолымен жасау мәкрүh.
С: Сүйекпен, жануар тезегімен, шөппен, т.б. осы секілді нәрселермен истинжа жасауға болады ма?
Ж: Болмайды, өйткені ол үлкен мәкрүh.
С: Суды қалай пайдаланады?
Ж: Суды пайдалануда белгілі бір мөлшер жоқ. Тазарғанына көңілі толғанша жуады.
С: Жел шықса, истинжа қылу қажет пе?
Ж: Қажет емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *