Имамдыққа лайық адам

Имамдыққа лайық адам

С: Жамағатпен намаз оқылғанда қандай адамның имам болғаны жөн?
Ж: Кімнің діни білімі жоғарылау болса, сол имам болады. Егер білімдері бірдей болса, қайсысының қырағаты жақсырақ және тәжуидке сәйкес болса, сол кісі имам болады. Егер қырағаты да бірдей болса, тақуарағы имамдыққа шығады. Егер тақуалықтары бірдей болса, жасы үлкені имам болады. Жастары шамалас болса, қайсысының мінезі көркем, сол шығады. Ал мінездері де бірдей болса, араларындағы көріктілеуі имам болады, барлық жағынан бірдей болса, кез келгені бола береді.
С: Қандай адамдарға имам болу мәкрүһ?
Ж: Өте білімсіз, күнәһар, соқыр, ақидасы дұрыс емес кісінің және зинадан туылған баланың имам болуы мәкрүһ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *