Зекет
парыз.
С: Ислам дініндегі төртінші парыз қандай?
Ж: Мал-мүліктен зекет беру.
С: Қандай кісілерге зекет беру парыз?
Ж: Балиғат жасына жеткен, ақыл-иесі дұрыс мұсылман бай кісінің зекет беруі
С: Жас бала, ақыл иесі дұрыс емес кісі бай болса, зекет беру парыз ба?
Ж: Парыз емес.
С: Зекет беру үшін қанша мал-дүниесі болу керек?
Ж: Өзінің қажеттілігінен артық мал-дүниесі нисап мөлшеріне жететін болуы тиіс.
Сондай-ақ, мал-дүниесі өзінің қолында әрі халалдан тапқан болуы шарт.
С: Адамға қажетті мал-дүние деп нені айтамыз?
Ж: Үйі, жері, көлігі, киім-кешегі, тұрмыстық құралдары, т.б.
С: Нисап мөлшерден аз болса, зекет беріле ме?
Ж: Берілмейді.
С: Бір кісінің қолында қажеттілігінен артық нисап мөлшеріне жететін дүниесі бар делік. Бірақ, дәл сондай көлемде біреуге қарыз болса, ол дүниесінен зекет беріле ме?
Ж: Бермейді. Өйткені, ол дүние қарыз берген адамға тиесілі.
С: бір кісінің қолында қажеттілігінен артық екі нисап мөлшерінде дүниесі бар делік. Бірақ, бір нисап мөлшерінде біреуге қарыз болса, екінші жартысынан зекет беріле ме?
С: Біреудің қолында тұрған мал-дүниесінен зекет бере ме?
Ж: Егер ол өз өкілінің қолында болса немесе басқа біреудің қолында болып, құжатпен дәлелденсе, зекет беріледі.
С: Біреудің қолында нисап мөлшеріне жететін қарызы бар адам зекет бере ме?
Ж: Қарызы бар екенін мойындаса, немесе жоққа шығарса, бірақ сол малдың бар екені дәлелденсе, зекет беріледі.
С: Жоғалған мал-дүниеден зекет беріледі ме?
Ж: Берілмейді.
С: Егер бір кісіге садақа ретінде ақша немесе дүние беріп, бірақ сол сәтте оны зекетке деп ниет етпей, кейін ниет етсе, ол зекет бола ма?
Ж: Болмайды, өйткені садақаны беріп жатқан уақытта немесе мал-дүниесін бөліп жатқан кезде зекет деп ниет етілуі шарт. Зекет деп ниет қылмай берген садақа зекетке жатпайды.