Зекет берілмейтін кісілер

Зекет берілмейтін кісілер

С: Қанадай кісіге зекет берілмейді?
Ж: Өзінің ата-анасына, ата-әжесіне, бала-шағасы мен немере-шөберелеріне, жұбайына, нисап мөлшеріне жететін жағдайы бар бай адамға, т.б. зекет берілмейді.
С: Зекетті кімдерге берген дұрысырақ?

Ж: Жағдайы төмен жақын туған-туыстарына, ілім жолындағыларға, кедей жесір әйелдерге, кәсібі тоқырауға ұшыраған шын мұқтаждарға.
С: Бай кісіге берілген садақа зекет есебіне кіреді ме?
Ж: Зекет болып та, нәпіл садақа болып та есептелмейді, ол сыйлық болуы мүмкін.
Дәулетті бола тұрып зекет алған кісі зор күнәһар болады.
С: Бір кісі зекет бермей тұрып, қайтыс болып кетсе, оның малынан зекет берілуі тиіс пе?
Ж: Зекет беріңдер деп өсиет қылмаған болса, қажет емес, ал өсиет қылса, малының үштен бір бөлігінен зекет беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *