Жаңа айды көру

Жаңа айды көру

С: Рамазан айы қай кезде басталады?
Ж: Шағбан айының жиырма тоғызы, яғни ақырғы күні жаңа туылған ай көрінсе, ертеңгі күні Рамазан айының басы болып есептеледі.
С: Шағбан айының жиырма тоғызыншы күні ай көрінбесе, не істейді?
Ж: Шағбан айын отыз күнге толтырып, келесі күні Рамазанның бірінші күні болып есептелінеді.
С: Ораза айт қай күні болады?
Ж: Шәууәл айының бірінші күні Ораза айт болып есептеледі. Рамазан айының жиырма тоғызы немесе отызыншы күні кешке ай көрінсе, ертеңі Ораза айт болады.
С: Отыз күн ораза тұтқан соң, кешке ай көрінбесе, не істейді?
Ж: Рамазан айының басы күмәнды болмаған болса, ертесі айт бастала береді. Егер Рамазанның басы күмәнды болған болса, отыз бір күн ораза тұтып, отыз екінші күні айт болады.
С: Айды көруде қанша кісінің куәлігі керек?
Ж: Күн батқан уақытта бұлт болмаса, жаңа айды көп кісі көруі шарт, бір, екі, үш кісінің сөздері қабыл болмайды. Егер де сол кезде бұлт болса, ораза ұстау үшін мейлі ер немесе әйел болсын, тек бір әділ кісінің сөзі қабыл болады. Бірақ оразадан кейін Ораза айт басталуы үшін екі әділ еркек немесе бір әділ еркек пен екі әділ әйел айды көріп, куәлік беруі тиіс.
С: Қандай адамдар әділ кісі болып есептеледі?
Ж: Үлкен күнәлардан өзін сақтап жүруші, ақылды және нағыз мұсылман кісі әділ болып саналады.
С: Шағбан айының жиырма тоғызыншы күні жаңа ай көрінбесе, отызыншы күні қай ай болып есетеледі?
Ж: Шағбан мен Рамазан айларына ортақ болады. Ол күн шағбанның отызыншы күні немесе Рамазанның бірінші күні болуы мүмкін, сол себепті күмәнды күн деп аталады.
С: Күмәнды күні не істеу керек?
Ж: Әрбір кісі түскі уақытқа дейін ай көрініп қалуы мүмкін деп, ораза ұстап жүруі

тиіс.

С: Ай көрінгені туралы хабар келсе немесе басшы қабыл етсе, не істейді?
Ж: Әрбір кісі ниет етіп ораза ұстайды.
С: Айдың көрінген хабары түске дейін жетпесе, не істейді?
Ж: Ораза тұтпай, ішіп-жей береді.
С: Күмәнді күні ораза ұстауға бола ма?
Ж: Рамазан оразасы деп ниет етіп ораза тұту дұрыс емес, бірақ нәпіл ораза тұтуға

болады. Егер күмәнді күні нәпіл оразаға ниет еткеннен соң, сол күн Рамазанның күні екендігі мәлім болса, тұтқан оразасы Рамазан оразасы болып қабыл алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *