Жануарлардың нисаптары

Жануарлардың нисаптары

С: Қойдың нисабы қанша?
Ж: Қырық. Яғни, қырық қойы бар кісіге зекет беру парыз болады.
С: Қырық қойдан зекетке қанша қой беріледі?
Ж: Қырық қойдан жүз жиырма қойға дейін бір қой беріледі.
С: Қой саны жүз жиырмадан асса, қанша береді?
Ж: Жүз жиырма бір қойдан екі жүз қойға дейін екі қой беріледі.
С: Қой саны екі жүзден асса ше?
Ж: Екі жүз бір қойдан үш жүз тоқсан қойға дейін 3 қой беріледі.
С: Төрт жүз қойдан қанша беріледі?
Ж: Төрт жүзден төрт қой беріледі. Одан кейін әрбір жүз қой үшін бір қой қосылып отырады.
С: Саулық және ешкіден не беріледі?
Ж: Саулық және ешкіден берілетін зекет қойдың зекетімен бірдей.
С: Сиырдың нисабы қанша?
Ж: Отыз сиыры бар кісіге зекет беру парыз.
С: Отыз сиырдан қаншасы зекетке беріледі?
Ж: Бір жасар ұрғашы немесе еркек тана беріледі.
С: Отыздан көбірек болса, не беріледі?
Ж: Кейінгі әрбір сиыр үшін бір жасар тана бағасының отыздан бірі көлемінде ақшасы беріледі.
С: Қырық сиыр үшін не беріледі?
Ж: Екі жасар тана беріледі.
С: Қырықтан көп болса, зекетке не беріледі?
Ж: Кейінгі әрбір сиыр үшін екі жасар тананың қырықтан бірі көлемінде ақшасы беріледі.
С: Алпыс сиыр үшін не беріледі?
Ж: Бір жасар еркек немесе ұрғашы тананың екеуі беріледі.
С: Жетпіс сиыр үшін не беріледі? Ж: 1 және 2 жасар тана беріледі. С: Түйенің нисабы қанша?
Ж: Бесеу. Яғни, бес түйесі бар адамға зекет беру парыз.
С: Бес түйе үшін зекетке не беріледі?
Ж: Бес түйеден тоғыз түйеге дейін бір қой беріледі.
С: Он түйе болса ше?
Ж: Он түйеден он төрт түйеге дейін екі қой беріледі.
С: Он бес түйе үшін не беріледі?
Ж: Он бес түйеден он тоғыз түйеге дейін үш қой беріледі.
С: Жиырма түйе үшін не беріледі?
Ж: Жиырмадан жиырма төрт түйеге дейін төрт қой беріледі.

С: Жиырма бес түйе үшін не беріледі?
Ж: Жиырма бес түйеден отызға дейін бір жас түйе беріледі.
С: Жылқының нисабы қанша?
Ж: Екеу, бірақ біреуі, не екеуі де ұрғашы болуы керек.
С: Олар үшін зекетке не беріледі?
Ж: Әр жылқыға баға тағайындалып, сол бағаның қырықтан бірі беріледі.
С: Зекетке берілетін жануардың орнына соның құнына тең ақша беруге бола ма?
Ж: Әлбетте, болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *