Жалпы білім беру мекемесі оқушысының құқықтық мәртебесі

Жалпы білім беру мекемесі оқушысының құқықтық мәртебесі
Жоспары:
Оқушының құқықтық мәртебесіның пайда болуы, өзгерілуі және тоқтатылуы.
Адам құқығы және оқушы құқығының айырмашылығы.
Оқушының құқықтары мен бостандықтары.
Оқушылардың білім алудың әлеуметтік кепілі.
Оқушылардың құқықтары мен жауапкершіліктері.
Негізгі түсініктер: адаммен азамат құқығы, құқықтық мәртебе, оқушыны құқығы
Құқықтық мәдениет қалыптастырудың құлықтық аспекті қоғамдық ортада қабылданған нормалар мен ұстанымдар болып саналады. Құқықтық мәдениеттің құлықтық аспектінің мазмұны мемлекет құрып отырған ұлт пен сол елде өмір сүріп отырған басқа да халықтардың атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа өтіп, осы күнге жеткен бағалы халық әспеттеген мінез-құлық, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттің құнды үлгілері болу керек.Алайда заман өзгеріп, заң да өзгеріп отырған қазіргі заманда адамдардың мінез-құлқы да өзгеруде. Сол себепті құлықтық нормалар саясатқа әсерін тигізіп, ол өз кезегінде мәдени, әлеуметтік білім және тұрмыстық өмірде де көрініс беруде.
Сол себепті осының барлығы әлеуметтік институттар арқылы реттеледі.
Қалай десек те балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың негізінде мынадайқұлықтық ұстанымдар жатады:
— адамға болған сый, құрметі, адамды жоғары құндылық санауы, адамдардың кемшіліктеріне төзімділікпен қарау, жолдастық қарым-қатынас, түсінуге, қиын сәттерде көмектесіп, қолдауға даяр тұру сияқты адамгершілік қасиеттер.
— Адамға және адамгершілік мұраттарға сену, әркімнің өзіне тән адамгершілік құныдылығының болуы, өмірлік мақсатының адамгершілік құндылықтармен ұштастыру, адамгершілік мұрат жолында қызмет ету;
— өзіне талап қою және алдына қойған мақсатқа ұмтылу, өз міндетін атқаруға күш салу, қоғамның талаптарына бойсыну және тәртіп сақтауға ділгірлік;
— «қолымен істегенін, мойнымен көтеруге» дайын болуы, өз іс-қимылы мен жүріс-тұрысына жауапкерлік, қателіктерін мойындау және түзетуге ұмтылу;
— Табиғатты адамзаттың «анасы» деп тану, жер бетіндегі барлық тірі жанға саналы түрде қамқор болу;
— Халқымыздың «өзіңе қандай жақсылық қаласаң, басқаларға да соны тіле» деген қанатты сөзін басты ұстаным ету, әділ, адал болуға, өзіне және басқаларға талап қоюда төзімділік ережесін ұстану, адамгершілік қағидаларын сақтап, әдептілік көрсету;
— Халқымыздың «мықты болсаң нәпсіңді тый» деген ережісін ұстаным ету, барлық іс-қимылы, сұрау- талаптары мен қажеттенулерін қанағаттандыруда өзін тежей білу.
Бұлар Қазақстан азаматтарының кодексі емес, бірақ халық тәжірибесінен осы күнгі өмір талаптарынан туындаған негізгі құлықтық нормалар. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Конституциясын ашып қарасақ, заң баптары мен және қағидаларының негізінде осылардың жатқанын көреміз.
Құқықтық мәдениет дегеніміз – мемлекеттің құлықтық жүйесіне қатысты білім, негізгі заң нормаларын білу, оларды сақтауға ұмтылу, өз Отанының парасатты азаматтарының бірі болуға ұмтылыс.
Құқықтық мәдениет қалыптастырудың басты міндеттерін төмендегідей анықтауға болады:
— жастар заң және соған сәйкес құқықтық нормалардың бар екенін білуіне шарт түзу;
— мемлекет тарапынан қабылданған заңды бұзған адамның жауапқа тартылатынын білуі;
— заң нормаларын орындау, адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін білуі;
— күнделікті тұрмыста өзін дұрыс ұстауға ұмтылса осының өзі құқықтық мәдениеттіліктің белгісі екенін білуі және соған ұмтылуы.
Бүгінгі жас бала- ертеңгі белгілі бір маман иесі. Осыған орай алдымен өзі және жалпы адамның құқығына байланысты мынадай ауқымды білім, біліктерге ие болу керек:
— Қазақстан Республикасы Конституциясының өзіне және басқа да азаматтарға байланысты тұстарын құқықтық нормалармен ұштастыра білуі;
— Алдымен Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде әр оқушы азаматтық кодекс және азаматтық құқықтың өз басына қатысты тұстарын меңгеруі;
— Жастар туралы заң және оның оқушы, студент жастарға қатысты тұстарын мазмұндық жақтан тарата отырып түсінуі;
— Құқықтық нормаларды және соған байланысты заңды және оның мазмұнын меңгеруі;
— Заң талаптарын орындамаудың салдарын талдай білуі;
— Заң талаптарын орындауды үнемі қаперде сақтауы және іс-әрекетінде оны ескеруі.
Құқықтық сананың дамуы- адамның барлық өмірін дерлік қамтитын ұзақ, күрделі және қарама-қайшылықты үрдіс.
Бірақ көптеген көзқарастар, өмірлік ұстаным, мінез-құлық мотивтері балалық шақта қалыптасады.
Жек тұлғаның қалыптасуы кезеңінде құқықты түсіну және оған қарым-қатынас қалай дамиды, кейін адамның құқықтық ортада өзін ұстауы көбіне осыған байланысты.
Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны отбасы болып табылады. Бұл болашақ жек тұлғаның тәрбиесін жанұяның негізгі міндеті етіп көрсететін қазақтың дәстүрлерінен бастау алады.
Бұл туралы халық ауыз әдебиеті де айтады, осыған көптеген өткен ғасыр ойшылдары да көңіл бөлген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27- бабының бірінші тармағында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады», ал екінші тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деп атап көрсетілген.
Отбасында баланың мінез-құлықының негіздері, оның қажеттіліктері, қызығушылығы қалыптасады. Сондай-ақ, Отанға, ата-анаға деген махаббат, үлкендерге құрмет, азаматтық, ұжымшылдық, жоғары жауапкершілікті сезім, еңбек етуге құштарлық, адалдық, қайырымдылық, сезімталдық, құқықтық тәрбиенің негізі болып саналатын жамандық пен күштеуге ымырасыздық сияқты рухани құндылықтар дамиды.
Жанұяның жасөспірімге тәрбиелік әсері тікелей және жанама түрдегі сипаттарда болдаы. Балаға құқықтық тәрбие берудегі жанұяның жанама түрдегі әсер етуі мыналардан көрінеді:

• Жанұяның сандық құрамы;
• Ата-анасының білім және мәдени деңгейі;
• Ата-ананың бір-бірімен және жанұяның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қалыптасу деңгейі;
• Ата-ананың жұмысбастылығы.
Құқық бұзушы көптеген жасөспірімдер баласы аз және толық емес жанұяда тәрбиеленген.
Жанұя- бұл ұжым. Жанұя ұжымық белгілерін жоғалтса, өзінің тәрбиелік рөлінің көп бөлігінен айырылады.
Үш немесе одан да көп баласы бар жанұяда баланың тәрбиеленуі мен дамуына жақсы жағдай қалыптасады.
Бұл жерде бала өзінің тілегі және жанұяның басқа балалры мен мүшелерінің талаптары, қажеттіліктерімен ара қатынасын белгілеуге үйренеді.
Үлкен жанұяның өмірі балаға адамдық қатынастардың әр түрінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Көп балалы жанұяда өскен балалар қоғамның белсенді мүшелері болып оңай қалыптасады.
Ал бала жалғыз өссе, ол үнемі зейін аударғанға үйреніп, өзімшіл болып өседі.
Жастар арасында заң бұзушы әрекеттердің деңгейі ата-аналардың білімі мен мәдениет деңгейіне тікелей байланысты.
Мәдениеті төмен жанұяларда балалар қылмысы мәдениеті жоғары жанұялармен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Балалар үлкендерге, ең алдымен өз ата-аналарына еліктейді, сондықтан олардың мінез-құлық тәртібі балалардың тәртібін қалыптастыратын маңызды фактор.
Балалардың қараусыз қалуына жеткізетін негізгі сбеп ата-аналардың жұмысбастылығы.
Олар жұмыстарына толықтай берілетіндігі сонша, балалардың тәрбиесіне көңіл бөлмейді, олардың қажеттілігін, қызығушылығын білмейді, үйден тыс немен айналысатынына бақылау жасай алмайды.
Бұндай ата-аналардың балалармен байланысы әлсіз болады.
Жанұяның балалардың жек тұлғасына әсер етуінің маңызды факторы туыстық байланыс, жанұя мүшелерінің бір-бірімен сезімдік байланысы болып табылады. Ең бастысы, баланың ата-анасымен, басқа да жанұя мүшелерімен қарым-қатынасы оның бойында махаббат сияқты сезімінің қалыптасуына әкеледі.
Дегенмен, жанұяның әсері балаға үнемі жағымды бола бермейді. Жанұялық қарым-қатынастары қаталдыққа, ұрыс-керіске құрылған жанұялар да аз емес.
Мейірімді жанұялық қарым-қатынасқа және мәдени, рухани өмірді қалпына келтіруге, ұрпақтар сабақтастығына, жеке тұлғаның және қоғамның үйлесімді дамуына негізделген қазақтың жанұялық тәрбие дәстүрін жандандару ең маңызды міндет болып табылады.
Орта мектеп пен жанұяның құқықтық тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады, оны екі топқа бөлуге болады. Бірінші әдістерге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы оқушыларға әсер ету әдістері жатады.
Екіншісіне тікелей әсер ету әдістері жатады.
Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады.
Ата-аналардың жалпы жиналысында құқықтық тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға құқықтық тәрбие берудің жолдары айтылады.
Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға құқықтық тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады.
Ата аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі құқықтық тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік- құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік- құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен талқылау болып табылады.
Білім беру мекемелері мен жанұяның құқықтық тәрбие берудегі бірлескен іс-әрекетінің қосымша түрі кеңестер беру, педагогикалық практикумдар, диспуттар өткізу, кинофильмдер көрсету болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп.
Жалпы жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалына еруі – мектеп пен ата-ананың кінәсі.
Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса, өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз.
Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді.
Кез-келген баланың ең алғашқы тәрбиешісі- ата-ана, яғни, жасөспірімді сапалы тәрбиелеуге ықпал етуші негізгі субъект.
Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу ойдағыдай жүзеге асуы үшін тек жанұяның әсері аз болатынын ескергеніміз жөн.
Сондықтан да, баланың уақыты көбіне мектепте өткендіктен мектеп пен жанұя тәрбиені сапалы жүзеге асыру үшін тығыз байланыста болулары қажет.
Мектеп пен жанұя арасындағы қатынас ата-аналар жиналыстарын өткізу, ата-аналар комитеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Кәмелетке толмағандар өз ата-аналарына қарап, олардың мінез-құлқына баға бере отырып, олардың идеясын және өнегесін қабылдайды.
Балаларды тәрбиелеу – құқықтық қана емес, адамдық және заңдылық міндет те. Осымен байланысты балаларды қалай тәрбиелеу керек деген заңды сұрақ туады. Бала тәрбиелеу ісінде әр халықтың өзінде ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты әдістері бар.
Ата-ана өз баласын ең алдымен ұлттық дәстүрге, инабаттылыққа тәрбиелейтіні табиғи нәрсе.
Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға да құқылы. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды.
Сондықтан ата-аналар, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына қатысты.
Бұған заң жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата- аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады.
Мұның мәнісі, ата-ана баласы үшін кез-келген мұқтажын жоқтауға молынан құқылы. Мұнымен ата-ана қамқоршы мен қарамағына алушыдан ерекшеленіп көрінеді.
Әке мен шешенің құқығы теңбе-тең. Сондықтан екеуі де өзінің кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілі болып табылады.
Ата- аналар өздерінің міндеттеріне былай да теріс қарамайтыны табиғи нәрсе.
Дегенмен, өкініке қарай, өмірде басқа да кездесетіні жасырын емес. Тәрбиеден қате жіберілсе, оның салдары ата-ананың өзіне тиеді.
Тәрбиесіздік пен адамгершілікке жатпайтын тәртіп балаға оңайға соқпайды.
Қоғам,басқа адамдар да мұндай қылықтардан зардап шегеді. Мұның арты құқық бұзушылыққа дейін әкеліп соғатыны тағы бар.
Сондықтан өзінің борышн дұрыс атқармаған ата-анаға заңның да қолданатын шарасы болады.
Кейбір сирек жағдайларда ата-ана өзінің ата-аналық құқығынан заң жүзінде айырылуы мүмкін.
Кейбір сирек кездесетін жағдайлар дегеніміз не?
Енді соған келейік.
Біріншіден, егер ата-ана адамгершілік, әдептілік тәрбиесімен айналыспаса, оқуы мен қалыпты дамуына қажетті жағдай жасамаса, онда ол баласын тәрбиелеудегі өзінің міндетінен жалтарғандыққа жатады.
Екіншіден, мұндай жағдайда ата-аналар өздерінің құқығын теріс пайдаланған болып табылады.
Үшіншіден, егер ата-ана ылғи да ұрып-сабаса, қорқытса, тамақ бермесе, үйден қуып жіберсе, қадір-қасиетін қорласа;
Төртіншіден, ата-ана өзінің адамшылыққа жатпайтын, қоғамға қарсы қылығымен зиянды түрде ықпал етсе;
Бесіншіден, үнемі маскүнемдікке, нашақорлыққа салынса, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан айырады.
Құқықтық тәрбие мақсаты- оқушыларды құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет- қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.
Құқықтық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны- құқықы бұзушылық әрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тәрбиедегі қолайсыз жайттарды) жою;
Оқушылардың өмірі мен тәрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу;
Тәрбиеленушіні жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу;
Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер- бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау.
Құқықтық тәрие, сана сезімінің қалыптасуы- жастардың өзін азамат есебінде сезінуіне көмектесу керек.
Тек қана өз басы заңды бұзбай, оны орындаумен шектелмей, әр азамат өзін қоғамның мүшесі, мемлекет пен қоғам ісіне белсене қатысатын азамат екенін түсіну керек.
Тек сонда ғана құқықтық тәрбие берудің қоғамдық мәні барын байқаймыз. Ал құқықтық тәрбие беру жанұядан басталып, мектепте жалғастырылса, құқықтық сананың қалыптасуында табысқа жетуге болар еді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
2. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.
3. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б
Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.
А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *