«Жалпыға бірдей құқықтық білім беру» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына жалпы сипаттама.
Жоспары:
«Жалпыға бірдей құқықтық білім беру» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына жалпы сипаттама.
Негізгі түсініктер:. Біржүйелі білім, құқықтық білім, Үкімет қаулысы, орындалу, нәтежие.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты 2003-2002 негізінде дайындалды және «Құқықтану негіздері» оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелерінің мыналарла қолданылуы және сақталуы міңдетті:
— Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық білім ұйымдарында олардың меншіктік нысанына, тұрпатына, түріне қарамастан, «Құқықтану негіздері» оку пәнін окытуда жүзеге асырғанда;
— жалпы білім беретін ұйымдардың мұғалімдері оқу үрдісін ұйымдастырғанда және мектептің негізгі және орта жоғарғы сатыларын бітірушілердің білімін, біліктілігін тексергенде;
— Мемлекеттік білім стандартгары және тестілеудің ұлттық орталығында қабылдау емтихандарының материалдарын дайындағанда;
— орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында «Құқықтану негіздері» бойынша кабылдау емтихандарын материалдарын және берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде;
— білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында «Құкықтану негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламаларын, окулықтар мен оку-әдістемелік кешеңцерді дайынпау барысыңпа;
— білім беру жүйесі қызметкерлерінін кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарьшда «Құқықтану негіздері» пәні бойьшша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және кайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында;
— білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында «Құқықтану негіздері» пәні бойынша оқушылардың оқу сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік баскару ұйымдары мен мекемелерінде білім кызметін лицензиялау, білім беретін ұйымдарды аттестациялау, типтік және жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау және олардың жүзеге асырылуын бакылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
«Құкыктану негіздері» пәні бойынша осы стандарт білімнің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарынын типтік және жұмыстык оку-жоспарларымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
«Құқықтану негіздері» пәнін оқытудың негізгі мақсаты-оқушыларды қоғамның саяси-кұқыктық жүйесімен таныстыру, құқыктық білімдермен және құқықтық мәдениетпен қаруландыру, заң сыйлағыш тұлғаны калыптастыру, құқықтық жағынан белсеңді және сауатты азаматты — өз Отанының патриотын тәрбиелеу.
«Құқықтану негіздері» пәнін оқьпудың негізгі міндеттері:
— құкықгық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, кұкыктык біліктердің калыптасуын камтамасыз ету;
— Қазақстан Республикасы Констатуциясы және басқа заңдарын меңгерту, Казакстан коғамының даму заңдылыктарын және оның саяси-кұкыктык жүйесін окыту аркылы оқушылардың кұкыктык сауатты азамат болып өсуіне көмектесу;
— Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық кұкык негіздерінен казіргі заман адамына ең кажеттілерін іріктеп ала білуге үйрету;
— оқушыны адам құқығы мен еркіндігін сыйлай білуге үйрету;
— дүниежүзілік және ұлттык мәдениеттің жетістіктерін, халыктың салттарын, дәстүрлерін, моралін, жалпыадамзаттык кұқыктык құндылықтарды және кұқықтық жетілуге кажетті білімдерді жас ұрпақ өкілдеріне меңгерте отырып, оларды адамдармен өркениетгі қатынас жасай білетін, салауатты азамат етіп тәрбиелеу.
«Құқықтану негіздері» пәнінің зерттеу объектісінің сипаттамасы «Құқықтану негіздері» пәнінің негізгі зерттеу объектісі Қазақстан Республика-сының конституциялық кұрылысы, Қазақстан қоғамының құкықтық жүйесі, кұқық салалары негіздері, адам кұқығы, сот, прокуратура және өзге кұқыққорғау органдарының қызметі, құқықтық қоғам құру мәселелері, құкықтық мәдениет, азамат пен мемлекет арасындағы кұқықтық қатынастар болып табылады.
Стаңдарт мектеп оқушыларына, олардың әлеуметтік, мүліктік және өзге жағдайларына карамастан, құқықтанушылык білімдер тобынан катардағы азаматка үнемі кажет болатын ең маныздыларын іріктеп алып игеруіне мүмкіңдік береді. Айналаны қоршаған қайшылықты дүниеде, оның үстіне, біздің мемлекетіміз құқықтық қоғам кұру бағытьын ұстанып отырганда, құкыктық білімдерін жеткілікті көлемде меңгеріп кана коймай, оны практикада колдана білудің маңызы ерекше. Қоғам жастардың құкықтық мәдениетін көтеруге, оларды заң талаптарын орындауга, үйретуге, жастар арасында құқык тәртібінің үнемі сақталуына кол жеткізуге мүдделі. Қүқыктық білімдер азаматты кез келген құқык бұзушылардан да қорғана білуді қамтамасыз етуі керек.
«Құқықтану негіздері» пәнінін таяудағы даму болашағы біздің мемлекетіміз көздеп отырғандай, Қазакстанда құкықтык қоғам орнату бағытының жүзеге асырылуымен байланысты. Құкықтық нигилизм мен бұқараның құқықтық мәдениетінің төмендігі қазіргі Қазакстан коғамының демократия мен прогресс жолындағы басты кедергі болып отырғаны белгілі. Ел көлемінде реформалардың кең ауқымда жүріп жатуына сәйкес құкыктык білімнің жаңа мазмұны жоғары құқыктық мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыруға, жастарды дүниежүзілік кұкықтанушылық ғылымдардын жетістігімен кауьштыруға, сонымен коса, өз халкының құкықтық мұраларының жансая бұлағынан сусындатуға бағытталуы керек.
Қазіргі кезде білім жүйесі құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан жаңару үстінде. Білімді ізгілендіру мен демократиялаңдыру бағытында үлкен өзгерістер жасалып жатыр. Қазақстанның әлеуметтік, азаматтық және құқыктык мемлекет орнатуға, қоғамды демократияландыруға бағыт алуы жалпы білім беретін мектептерде құқықтану негіздерін ең өзекті пәндердің бірі ретінде алдыңғы лекке шығарып отыр. Өйткені, келешекте өркениетті қоғам орнату кұқыктық білім берудін. бүгінгісіне тәуелді. Осыған орай, құқықтану негіздерін бүдан гөрі толык және ертерек бастап окыту проблемасы алга тартылуда.
«Құқықтану негіздері» пәнінің базистік оқу жоспарындагы орны
«Құқықтану негіздері» пәні «Қоғамтану» білім саласына енеді және оның базалық пәңдерінің бірі болып табылады. Оның жалпы орта білім жүйесіңдегі рөлі жекелей демократияның және түтастай коғамның даму заңдылықтарын, қазіргі замандық дүниенің ғьлыми бейнесін саяси-кұқықтанушы білімдердің рөлі арқылы аныкқалады. «Құқықтану негіздері» пәні базистік оқу жоспарына оның мемлекеттік компонентінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде енеді. Мектептің негізгі сатысында құқықтық білімдер «Адам. Қоғам. Құқық» кіріктірілген курсында беріледі. Мектептің жоғары сатысында «Құқықтану негіздері» пәні міндетті курс ретінде оқытылады.
“Құқықтану негіздері ” пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
“Құқықтану негіздері” пәні ауқымында келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
-білім берудің негізгі бағдарламасы;
-бағдарлы білім беру бағдарламасы;
-қосымша білім беру бағдарламасы;
Мектептің негізгі сатысына (10-11-сыныптар) арналған бағдарлы білім беру бағдарламасының мазмұны екі бағдарда:
-жаратылыстану-математикалық бағдарда білім беретін мектепке (сыныпқа) арналған “Құқықтану негіздері ” оқу курсының білім мазмұнымен ;
қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектепке (сыныпқа) арналған “Құқықтану негіздері ” оқу курсының білім мазмұнымен айқындалады.
Жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектепке арналған “Құқықтану негіздері” курсының оқу бағдарламасының мазмұнында құқықтың негізгі салалары – конституциялық, азаматтық, әкішілік, отбасылық, еңбек және қылмыстық құқық бойынша әр азаматқа қажетті білімдер тобы жинақталған. Азаматтық және қылмыстық процессуалдық құқық, құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері жеке тақырыптармен берілген және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы мысалдармен түсіндіріледі.
Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектепке арналған “Құқықтану негіздері” курсының нұсқасы білімдік тереңдетілген бағдарламаға жатады.Бұл бағдарлама бойынша оқушыларға “Құқықтану негіздері” курсы жаратылыстану-математика бағдарлы мектептерге қарағанда кең және тереңдетіліп берілген. Тереңдету әр тараудың материалын көбейтуден және халықаралық, экологиялық құқық туралы білімдердің енгізілуінен көрініс табады. Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептерді бітірушілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа заңдарын нақты баптар деңгейінде меңгере алуымен және құқықтық ұғымдарды терең түсінуімен қоса , проблеманың мәніне үңілуге, құбылыстың себептерін түсіндіруге, үрдістерді саралауға және алған білімдерін өмірлік практикада қолдана білуге үйренуі керек.
Болашақ құқықтанушылар үшін курстың құрылымы мен мазмұны мектеп қабырғасында жүргеннің өзінде-ақ оларды саяси және құқықтық категориялармен ойлауға және әрекет ете білуге көмектесуі тиіс.
Құқықтық білім беру факультативтік, таңдап оқылатын және қолданбалы курстар арқылы жүзеге асырылады.Оларды мектеп өз қалауынша таңдап алады.
“ Құқықтану негіздері” бойынша білім беру бағдарламаларының базалық мазмұны жалпы орта білім беретін ұйымдардың сатылары және оқыту бағдарына сай тағайындалады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
2. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.
3. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б
Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.
А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.