Дәреттің сүннеттері

Дәреттің сүннеттері

С: Дәреттің сүннеттері қанша?
Ж: Он сегіз.
С: Қайсылар?
Ж: Олар мыналар: 1) «Бисмилләһир рахмәнир рахим» деп бастау; 2) ниет ету; 3) қолды саусақтарынан бастап білезікке дейін жуу; 4) мисуак қолдану, мисуак болмаған жағдайда саусақпен тістерін тазалау; 5) үш рет оң қолына су алып, аузын жақсылап шаю;
6) үш рет оң қолымен мұрнына су тартып, сол қолымен сіңбіру; 7) қас пен мұрттың астына су тигізу; 8) сақалды саусақтарымен салалау; 9) қол және аяқ саусақтарының араларына су тигізу; 10) бет, қол, аяқты үш реттен жуу; 11) оң қолды сол қолдан, оң аяқты сол аяқтан бұрын жуу; 12) басқа мәсіх тартқанда маңдайдан бастау; 13) бастың шаш шығатын барлық жеріне мәсіх тарту; 14) сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен құлақтың сыртына мәсіх тарту; 15) екі қолының сыртымен мойынға мәсіх тарту – мұстахап; 16) дәреттің парыздарын бірінен соң бірін рет бойынша, яғни бірінші бетін, сосын қолын жуу, сосын басқа мәсіх тарту, одан кейін аяғын жуу; 17) дәрет алғанда артық іс-әрекет жасамау; 18) қол мен аяқты жуғанда саусақ пен башпайдың ұшынан бастап жуу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *