Бала туылғанда жасалынатын амалдар және оқылатын дұғалар

Бала туылғанда жасалынатын амалдар және оқылатын дұғалар

С: Бала туылғанда қандай амал жасалады?
Ж: Мына дұға оқылады:

اPلل[هKم[ اجVعPلVهK كPب[ارZا وP أPنVبeتVهK فeي الeسVلPامe نPبPاتZا حPسPنZا
Мағынасы: Я, Раббым, осы баланы салиқалы ет және Ислам дінінде өсір. Одан кейін оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылады, сосын құрмамен немесе бірер тәтті нәрсенің дәмімен баланы азықтандырады. Жетінші күні балаға жақсы есім қойылады.
Шашын алып, шашының салмағындай алтын немесе күміс садақа етіледі және осы күні ұл бала болса, екі қой, ал қыз бала болса, бір қой ақиқа (құрбандық) малы сойылады.
С: Баланы кім емізеді?
Ж: Әрине, анасы емізеді, балаға анасының сүті пайдалы. Басқа әйел емізсе де, дұрыс, бірақ дені сау, көркем мінезді және болмысы әдемі әйел болғаны жөн. Өйткені сүт берген әйелдің мінезі және болмысы емген балаға әсер етеді.
С: Бала неше жасқа дейін емеді?
Ж: Екі жасқа толғанша емеді.
С: Қанша жасында сүндетке отырғызылады?
Ж: Жеті күннен бастап жеті жасқа дейін сүннет. Одан кейін де сүндетке отырғызуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *