Ақша мен сауда-саттық тауарлары

Ақша мен сауда-саттық тауарлары

С: Алтынның нисабы қанша?
Ж: Жиырма мысқал, яғни жиырма мысқал алтыны бар кісі сол алтыннан зекет беруі парыз.
С: Жиырма мысқал алтынның қанша бөлігі зекетке беріледі?
Ж: 1/40 бөлігі, яғни 0,5 мысқал беріледі.
С: Күмістің нисабы қанша?
Ж: 200 күміс ақша, яғни 140 мысқал күмісі бар кісіге сол күмістен зекет беру парыз саналады.
С: 140 мысқал күмістен қаншасы зекетке беріледі?
Ж: 1/40 бөлігі, яғни 3,5 мысқал беріледі
С: Қолында нисапқа жеткен ақшасы болып, бірақ үй-жайы болмаса, яғни пәтер жалдап тұрушы кісінің зекет беруі парыз ба?

Ж: Парыз болмауы мүмкін, бұл тартысты мәселе.
С: Сауда-саттық тауарының нисабы қанша?
Ж: Оның нисабы күмістің нисабына тең.
С: Нисап мөлшеріне жеткен сауда-саттық тауарынан қанша зекет беріледі?
Ж: Алтын-күміс секілді 1/40 бөлігі беріледі.
С: Бір кісінің біраз алтыны және күмісі, сондай-ақ біраз сауда-саттық тауары болса, бірақ жеке-жеке әрқайсысының құны нисап мөлшеріне жетпесе, ол кісіге зекет беру парыз болады ма?
Ж: Барлық дүниесінің бағасы бір-біріне қосып есептеледі, егер жалпы құны нисап мөлшеріне жетсе, зекет беруі парыз болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *