Түркі вокализмінің аталған түрлерін анықтау сол тілдердің фонологиялық жүйелері

Түркі вокализмінің аталған түрлерін анықтау сол тілдердің фонологиялық жүйелерін синхрондық тұрғыдан салыстыруға негізделеді.. Тілдің грамматикалық құрылысы тарихын зерттеуде қолданылатын әдістің бірі — ареалдық әдіс. Ареалдық әдіс арқылы тілдердің, диалектілердің өзара ықпалдасу процесінің сыпаты мен дәрежесін, ондай процестің орны мен таралу аймағын айқын-дап, ол нәтижелерді тілдің тарихи езгерістерінің бір түрі (немесе өзгерістердің бір тобы) ретінде тілдің тарихи грамматикасына енгізуге болады. Ареалдық әдіс кейде изоглостарды тарихи түсіндіру әдісі деп те аталады. Олай деп атауға себеп — ареалдық әдіс туыс, бір-біріне жақын тілдердің белгілі бір регионда шектесуінің нәтижелерін ғана зерттеп қоймайды, географиялық орналасуы жағынан өзара шектесетін туыс емес тілдердің де өзара ықпалдасуының нәтижелерін іздестіреді. Тілдер мен диалектілердің ықпалдасу процесінің бағыты мен орнын айқындауға ареалдық әдіс археология мен этнографиялық мәліметтерді де пайдалана алады. Мысалы, қазақ тілінің батыс говорлар тобына түрікмен, ноғай, татар тілдерінің ықпалы болғандығын айқындау ареалдық әдісті қолдану арқылы жүреді. Батыс говорлар тобы дегенде бірыңғай, бірөңкей қарастырылмай, оңтүстік-батыс, батыс, солтүстік-батыс тәрізді региондарға жіктеп, олардың әрқайсысына тән тарихи-әлеуметтік, этникалық ерекшеліктер болғандығы еске алынады. Оңтүстік-батысқа орналасқан қазақ тайпалары оғыз тектес рулармен шектессе, батыстағы олардың ағайындары ноғайлармен, башқұрттармен араласты. Солардың барлығы да қазақ тіліне ықпал етті, із қалдырды. Ал ондай өзгешеліктер бізге белгілі ескерткіштерде өз көрінісін таба берген жоқ. Сонымен қатар, батысты мекендеген қазақ тайпалары жайында айтқанда, қыпшақ (қуман)-славян байланыстарын, кейінгі ғасырлардағы қазақ-орыс байланысын назардан тыс қалдыруға болмайтындығы айқын. Ал оңтүстікке орналасқан қазақтардың тілі туралы зерттеулер қазақ-өзбек байланысымен қоса, араб-парсы тілдерін де назардаи тыс қалдыра алмайды.
Тілдің динамикалық жүйелі тарихын жасау үшін оны әр түрлі өлшем түрғысынан жан-жақты қарастыру керек болады. Зерттеуші сондай мақсат қойғанда қолданбай кетпейтін әдіс — синхрондық сипаттау әдісі. Синхрондық сипаттау әдісі белгілі бір дәуірдегі тілді жан-жақты сипаттауға құрылады. Екінші сөзбен, белгілі бір мұралар тілін сипаттау жолымен ол тілдің актив заңдылықтарымен қатар өнімсіз құбылыстарын, тілдік жүйесіне түгелдей не ішінара әсер ететін өзгерістермен қатар, ондай ықпалсыз бейтарап өзгерістерін, қысқасы бүкіл механизмін түгелдей дәлелдеп шығу синхрондық сипаттау әдісінің үлесіне тиеді.
Бұл әдіс диахроникалық зерттеуде синхрондық әдісті қолдану болып табылады. Бұл арқылы тілдік фактілер бір-біріне бағынышсыз, оқшау алып қаралмайды, белгілі жүйені құрайтын тәсілдер ретінде қарастырылады. Бұндай зерттеулердің нәтижесінде тілдің динамикалық тарихы, яғни, тілдік функциялар мен қатынастардың даму, өзгеру тарихы, тіл семантикасының даму, өзгеру, жаңару тарихы жасалуға тиіс болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *