Етістіктердің жақ, сандық жалғауларды қабылдау мәселесі

Етістіктердің жақ, сандық жалғауларды қабылдау мәселесі негізінен жіктік, тәуелдік және көптік жалғауларға байланысты әңгімеленеді. Айналып келгенде, етістік тұлғаларының жақ, сан жайлы ұғым туғызуы аталған грамматикалық формаларды қабылдауы болып табылады. Осыдан бұрынғы тақырыптар бойынша айтылғандарды қорыта келгенде, етістіктерге жалғанатын жақтық және сандық жалғаулар үш түрлі топқа бөлінеді. Бұндай әр түрлілік, бір жағынан, жекелеген етістік категорияларының тарихи ерекшелігін көрсетсе, екінші жағынан, белгілі бір дәрежеде сол қосымшалардың тарихи дамуы, өзгеру сатыларын да байқатады.
Келер шақ, осы шақ тұлғаларына, өткен шақ есімшелеріне, -п көсемшелеріне I, II жақтық мәнді туғызу үшін I, II жақ жіктеу есімдіктерінің толық түрі тіркесе айтылған немесе солардың фонетикалық езгеріске түскен тұлғалары жалғанған:
жекеше көпше
I — мен, -біз, -міз,
II — сен, -сің.
III жақта ол есімдігі,тг/рг/р көмекші етістігі қолданылғаң, Алайда III жақты білдірудің мұндай тәсілі тұрақты, айнымайтын құбылыс емес кейде ол есімдігі де, көмекші етістік те айтылмайды. Қосымша орнына жіктеу есімдіктердің қолданылуы V—VIII ғасыр ескерткіштерінде, сол сияқты XI—XVI ғасыр ескерткіштерінде де ұшырасып отырады: «Тәпсірде»— Тақы Хақиқатда мен қорқұтған-мен і оғул, сен айдың, біз ешітдіміз. МҚ-да: Мен ет тоғрағаймен т. б.
Жақ қосымшалардың қазіргі қазақ тіліндегідей қысаң дауыстылармен айтылуы тілдің «жаңа» дәуіріне қатысты екені айқын. Жақ қосымшаларын қабылдау ерекшеліктері тұрғысынан айрықша атап айтар жай, -п көсемшелеріне және -ады тұлғалы ауыспалы осы шақ тұлғаларына байланысты. Жалпы түркі тілдерінің тарихы көсемше тұлғаларына тікелей жіктік жалғауларыныңжалғануын білмейді. -п көсемшесінің өткен шақ мәнінде жұмсалуы көне түркі тілінде мына сипатта болып отырады: йана бір қул ал-қалы мені білен кенелішіп турур (юр.). …ана Мариямдан тэн алып кіші болуп турур (КК). Сөйтіп -п көмекшісі жақ бойынша тікелей жіктелмеген. Жіктік жалғау -п көсемшесіне тіркес айтылған «байланыстырушы» тұр етістігінің есімше (турур) тұлғасына жалғанған. Кейін тұр етістігі фонетикалық езгерістердің нәтижесінде нольдік тұлғаға айналған:
XIII—XIV ғғ. қатысты жазбалар тілінде-ақ бұл тұлғаның -« + мен (сол сияқты: -п + сен, -п + ты (ды) түрі ұшыраса бастайды: У.і, не кім сен коруб-сен (Тефсир). -ады тұлғасы да осындай өзгерістің нәтижесі. Абулғазы ханның «Шежіре-й-түркі, «Шежіре-и-терекме» шығармалары тілінде мына сияқты қолданыстар кездеседі: Соруб турурлар: кім болур сен уа щайдын келер турур сен. Дінмухамед хан улуғ ләшкер бірлен келе турур- Тез оғыз елінің ічінде уруш болуб қызыл қан қара суб — тек ақа турур. Осы фактілер негізінде -ады тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді жолмен жүрді деп ойлау керек: 1. -а + турур> -Ч + тур>-а + ды; 2. -а + турур + мен//сен>-а + тур/ур/мен//сен>-а + + мен//сен>-а+мын// + сың;
I—II жақтарда тек есімше түлғасы емес, бүтін сөз (турур) түсіп қалған. Ал III жақта есімше түлғасымен қоса түбірдің соңғы дыбысы да түсіп қалып, қосымша ықпал заңдылығына ұшыраған (-а + ты, -а>ды).
Жақтық және сандық жалғауларының екінші түрі жіктеу есімдіктердің толық түрі емес, солардың кысқарған, өзгерген сыпатын танытады. Мұндай қосымшалар -ды тұлғалы өткен шақ етістіктері мен шартты рай тұлғаларына жалғанады:
жекеше көпше
I -м, -қ, -к, мыз, -міз, -муз, -мұз,
II -ң, -ңыз, -ңіз,
III -(-лар, -лер).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *