Oткен шақ қосымшасы -ты түрінде де дыбысталған. -ды (немесе -ты) таза етістік тұлғасы емес, о баста да қимыл есім мәнін бергені айқын. Сонда алғашқы қалыптасу дәуірінде алты сан есімі алынған, алынушы немесе бөлінген (саусақ) мағынасында жұмсалған да, жеті сөзі жейтін, ұстайтын (саусақ) мағынасында жұмсалса керек. Қолданылу процесінде зат атауы оның орналасу ретін білдіретін сөз есебінде қалыптасуы ықтимал. Оған мынадай қосымша жағдай да бар: алтыншы саусақ қашанда екінші қолдың біріншісі де, жетінші саусақ (қазақша: сұқ қол) тамақ жеуде, ұстауда ең ыңғайлы, икемдісі. Осы саусақтың қазақ тіліндегі екінші аты да сол икемділігіне, қызметіне қарай қойылса керек.
Тоғыз сан есімі этимологиялық жағынан моңғолдың төкір, түркілік дөкір (икемсіз, оралымсыз, әдепсіз) сездерімен байланыстырылады. Қазіргі чуваш тілінде бұл сан есім тохар түрінде айтылады. Сездің соңғы дыбысының түркі тілдерінде -з-ға айналуын Рамстедт сегіз сөзімен аналогия жасаудан деп қарайды. Дұрысында да солай ма, әлде тағы да р~з сәйкестігі ме? Өйткені р~з сәйкестігі түркі тілдерінің құрамында көбіне сездің грамматикалық мәнін айырушы критерий қызметінде де кездеседі (Мыс, көз-көр, семіз-семір, т. б.). Қысқасы, тоғыз сан есімі дөкір саусак, икемсіз саусақ (қазақша атсыз қол) мәнінен барып шыққан.
Түркі тілдерінде, сол сияқты алтай тілдерінің бірсыпырасында-ақ он сезі кездеседі. Бұндай кең жайылу, сірә, сөздің байырғылығының дәлелі болса керек. Түркі тілдерінің барлығында дерлік жиырмадан бастап ондықтарды білдіретін сездердің біразы тарихи тұрғыдан құранды болып келеді. Жиырма, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сөздері сондай. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: бірліктерді білдіретін сөздер әр түрлі сөз таптарынан бөлініп қалыптасқаннан кейін барып ондық атаулары шыққан. Осымен байланысты, бір кезде акад. Гордлевскийдің ескі түркі халықтарында санаудың ең жоғары мөлшері 5 (бес) саны болған дейтін пікірін еске алған жөн. Күрделі сандық атаулардың кейін пайда болуын дәлелдейтін тағы бір факт — өте көп астрономиялық сандарды білдіретін сөздер көне түркі тілінде байырғы сөздер негізінде жасалмай, басқа тілдерден ауысқан сөздер арқылы берілуі. Көне түркі тіліндегі түмен (он мың, осымен байланысты түмен —арык-жер атауы), бан (хинди тілінен, 10000) сездері түркі тілдерінде әр түрлі байланыстар арақылы сырттан енгені анық. Қазіргі тіліміздегі миллион, миллиард, триллион сан есімдері де сондай.
«Жиырма» мәнін білдіретін сан есімнің түркі тілдерінде негізгі үш варианты бар: жиырма (йігірме, т. б.), сары ұйғыр тілінде икки он (екі он), тува тілінде чээрби. Сары ұйғыр тілінде, сөйтіп жиырма мәнін аналитикалық тәсілмен жасалған сәз тіркесі береді. Ал тува тіліндегі чээрби басқа түркі тілдерінде ж, й, д, с дыбыстарынан басталатын сөздің фонетикалық варианты. Сонда түркі тілдерінің арасында белгілі мынадай дыбыстар сәйкестігі келіп шығады: ч//сІІд//ж//й. Жиырма сөзін генезистік жағынан екі, егіз сөздерімен байланыстыруға болады. Түркі тілдерінің бірсыпырасында (ескі, жаңа тілдерде) екі, егіз және жиырма сөздері й дыбысынан басталатыны мәлім. Якут тілінде игирэ, моңғол тілінде икир — егіз мәнін беретін сөздер. Бұған қарағанда, жиырма сезі о баста екі-р-ма (-ми) құрама бөліктерден қалыптасқан деп қарауға болады.