Егер төл сөз сұрақтан құралған болса, төлеу сөзге айналдырған кезде бағыныңқы сөйлем шақтардың қиысу ережесіне бағына отырып, сөздердің хабарлы сөйлемдегідей тура тәртібіне байланысты құрастырылады. to say етістігі to ask етістігіне ауысады, жалпы сұрақтар if, whether жалғаулықтары арқылы енгізіледі. Мысалы:
He asked me, ‘’Have you been abroad?’’ (Ол: «Сен шетелде болдың ба?» деп сұрады) – He asked me if had been abroad (Ол менен шетелде болдың ба деп сұрады).
Ал арнайы сұрақтарда сөз тәртібі хабарлы сөйлемдердегідей өзгереді.
She ask, ‘’Where is John?’’ (Ол: «Джон кайда?» деп сұрады) – She asks where John is (Ол Джонның кайда екенін сұрады).