Артикль — The Article

 

Ағылшын тілінде зат есімнің алдында тұратын қосымшаны артикль деп атайды. Ал қазақ тілінде артикль деген ұғым жоқ.

Артикль екіге бөлінеді: белгілілік (definite articlethe) және белгісіздік (indefinite articlea /an). Белгілілік артиклі зат есімді бір топтан бөліп, жекелеп, даралап көрсетсе, белгісіздік артиклі зат есімді көп нәрсенің бірі ретінде көрсетеді.

Мысалы: The student is waiting for you.

                 A student is waiting for you.

Қазақшаға екі сөйлем де бірдей аударылады: Сізді студент тосып тұр.

Қазақша сөйлемнен сізді қандай студент тосып тұрғанын білмейсіз, таныс студент пе, әлде сіз танымайтын студент пе, ал ағылшын сөйлемі белгілілік артиклі the арқылы бізге таныс, біз білетін студент туралы айтып тұрса, белгісіздік артиклі а арқылы біз танымайтын бір студенттің тосып тұрғанын көрсетеді. Қазақ тілінде мұндай құбылыс жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *