Негізгі     абиотикалык     факторлар

Негізгі     абиотикалык     факторларга     жарық,     температура     жән ылғалдылық жатады.

Жарық— Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842-1925) «Біздің планетамызда  жүрген,   қозгалған,  өмір  сүретін   нәрселсрдің  барлыгы   күннен жаралган»- деді.

Биосферадагы ен маңызды  процесс-фотосинтез тек жарықта гана жүзеге

асырылады. Альбедо-әр    түрлі    денелердін    бетінің    шағылыстыруга    қабілеті.    Ол  радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері.

Экологиялық фактор  ретінде жарыкка  қатысты  өсімдіктердіц  төмендегі

топтарын  бөліп   көрсетуге  болады.:   гелиофиттср  сциофиттер және  көлеңкеге

төзімді өсімдіктер.

Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын аныктайтын факторлардың бірі- температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ак оның уакыт бойынша таралуы, ягни жылулық режим маңызды болып

табылады.

Бергаман ережесі (1847 ж.) бойынша түрдің немесе біртекті жакын түрлердің тобында дене мөлшері ірі жылы канды жануарлар анағүрлым салкын

аудандарда таралган.

Термодинамика тургысынан ағзанын жылуды жоғалтуы оның салмағына

емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады.

Неғұрлым жануарлар ірі және денесі шағын болған сайын оған тұракты температураны ұстап туру жеңіл. Ал неғурлым жануар ұсак болса, онын салыстырмалы ауданы жоғары және  жылу жоғалтуы да, зат алмасу децгейі де, энергия жоғалтуы да жоғары.

Аллень ережесі (1877ж.) бойынша дене температурасы тұракты жануарлардың  салқын   климаттық  белдеулерде  денесінің  шыгыңқы   бөліктері кішірейеді.

Мысалы, экологиялық жагынан бір-біріне жақын түрлердің құлактарынын мөлшерін    салыстырсак, тундарда мекендейтін  поляр түлкісінін кұлағы  кіші, коңыржай   белдеуде   мекендейтін   кәдімгі   түлкінін   құлағы   орташа.   Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлагы өге улкен.

Ылғалдылык Су тірі агзалардын өмірінде маңызды экологиялык факторы және олардың тұрақгы құрам бөлігі болып табылады.

Ылгалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарга бөлінеді: гидагофитгер. гидрофиттер, гигрофиттер. мезофитгер. ксерофиттер.

Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындардың өткізгіштігі маңызды роль атқарады. Су режиміне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынандай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.

         Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда гидора, гидатос — су) – су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығымен суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл, лотос, балдырлар және т.б.).
  2. Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора — су) – құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері батып тұрады (жебежапырақ).
  3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора — ылғалды) – ылғалдылығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда – батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.
  4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда мезос – орташа, аралық) – қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
  5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда ксерос — құрғақ) – құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

А) суккуленттер (латын тілінен аударғанда суккулентус — шырынды) – ұлаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава);

Ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда склерос – құрғақ, қатты) – құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу). Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.

         Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Гидрофильдер – ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялар).
  2. Мезофильдер – орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).
  3. Ксерофилдер – жоғары ылалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырмен жорғалаушылары). Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға жинайды. Кейбір сүтқоректілер май қабатының тотығуы нәтижесінде пайда болған метаболлиттік суды пайдалануға бейімделген. Метаболиттік судың есебінен көптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *