Кейінді ықпал |
Регрессивная ассимиляция |
Сөз бен қосымшаның немесе сөз бен сөз арасындағы соңғы дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуын кейінді ықпал дейміз. |
Воздействие последующего звука на предыдущий (при этом предшествующий уподобляется последующему), которое имеет место как в пределах одного слова, так и между отдельными соседними друг с другом словами, называется регрессивной ассимиляцией. |
1.Сөздің соңғы дыбысы қатаң қ, к, п дыбыстарына аяқталса, оған жалғанатын жалғау немесе қосымша дауысты, үңді немесе д, ж, здыбыстарынан басталса, онда сөз соңындағы қатаң қ, к, п ұяң ғ, г, бдыбыстарына айналады: а) Түбір мен қосымша аралығында: бұйрық+ы — бұйрығы; күрек+і — күрегі. ә) Сөз тіркесі сыңарлары аралығында: көк ала — көг ала; сұйык зат — сұйығ зат. |
Если последний звук основы глухой согласный қ, к, п, а прибавляемый к основе суффикс или окончание начинаются с гласного или сонорного и звонкого д, ж, з, то глухие согласные озванчиваются: қ — ғ, к — г, п — б. а) Между корнем и аффиксами. б) Между словами в словосочетании. |
2.Сөздің соңы қатан п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің -ып, -іп (-п) жұрнағы жалғанғанда қатаң п үнді у дыбысына айналады. Жазылуы Айтылуы (на письме) (в произношении) жап — жау+ып жа-уп; теп — теу-іп те-уп. |
Если корень слова оканчивается на глухой согласный п, и к нему присоединяются аффиксы деепричастия -ып, -іп (-п), то конечный согласный корня произносится как -у (-уп). |
3.Үнді н дыбысына аяқталған сөзге жалғанатын қосымша б, п, м дыбыстарынан басталғанда н дыбысы м болып айтылады, жазылуда н сақталады: а) Түбір мен қосымша аралығында: Жазылуы Айтылуы (на письме) (в произношении) ен+беді ем-беді; кеткен+мін кеткем+мін. ә) Біріккен сөз және сөз тіркесі аралығында: Жазылуы Айтылуы (на письме) (в произношении) Дөнен+бай Дөнем-бай; он бір ом бір. |
Конечный н корня, оказавшись перед б, п, м, в произношении переходит в м, что не отражается на письме.
|
4.Егер сөз соңы үнді н дыбысына аяқталып, жалғанатын қосымша қ, к, г, г дыбыстарынан басталғанда, онда н дыбысы айтылуда үнді ң дыбысына айналады. Жазуда н дыбысы сақталады: а) Түбір мен қосымша аралығында: ен+гізу — ең-гізу; бұрын+ғы — бұрың+ғы; еркін күш — еркің гүш. б) Біріккен сөз және сөз тіркесі аралығында: сен ғана — сең ғана; қақпан құру — қақпаң ғұру. |
Если корень слова оканчивается сонорным согласным н, а прибавляемая морфема начинается консонантами қ, к, ғ, г, то конечный согласный корня произносится как ң. Однако данный произносительный вариант также не отражается на письме. |
5.Сөздің соңы ұяң з не қатаң с дыбыстарына аяқталып, жалғанатын қосымша не сөз қатаң ш дыбысынан басталғанда, онда з, с дыбыстары айтылуда дыбысына айналады. Жазылуда з, с сақталады: а) Түбір мен қосымша аралығында: қымыз+шы — қымышшы. ә) Сөз тіркесі аралығында: Күс шаруашылығы — күш шаруашылығы. |
Если корень слова оканчивается фрикативными консонантами з или с, а прибавляемая морфема начинается глухим согласным ш, то конечный согласный корня произносится как ш. Данный произносительный вариант аналогично не отражается на письме. |
6.Егер з дыбысына аяқталған түбір сөзгеж дыбысынан басталатын қосымша несөз жалғанса, онда з дыбысы ж болып айтылады, ал жазуда з сақталады. |
Если к корню слова, оканчивающемуся звонким з, присоединяется морфема, начинающаяся звонким ж, то конечный согласный корня произносится как ж, что не отражается на письме. На письме: боз+жорға, көз жазбау. В произношении: бож + жорға, көж жазбау. |
7.Егер сөздің түбірі ұяң з дыбысына аяқталып, ал жалғанатын қосымша қатаң с дыбысынан басталса, онда ұяң з дыбысы айтылуда қатаң с дыбысына айналады. Жазуда з сақталады: а) Түбір мен қосымша аралығында: қаз+са — қас-са; оз+са — ос-са. ә) Сөз тіркесі аралығында: аз+салу — ас-салу; көз+салу — көс-салу. |
Если корень слова оканчивается звонким консонантом з, а прибавляемая морфема начинается глухим согласным с, то конечный согласный корня оглушается дос. Данный произносительный вариант аналогично не отражается на письме. |
8.Егер сөз ы, і дауыстыларына аяқталып, оған -у қосымшасы жалғанса, түбірдің соңғы дауыстылары айтуда да, жазуда да ы, і дыбыстары түсіп қалады. |
Если слово оканчивается гласными ы, і, то при присоединении аффикса -у, конечные гласные основы редуцируются, например: тоқы — тоқу; шоқы — шоқу; жері — жеру. |
Кейінді ықпал Регрессивная ассимиляция