Сауданың қолданатын орындары

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Бөлім атауы Сауда жасай білесің бе?

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сауданың қолданатын орындары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.1.1 — өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін қолдану

8.2.4.1 — Кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру

Сабақтың мақсаттары

Диаграммадағы ақпаратты талдау

Бағалау критерийлері

Негізгі деректерді келтіреді;

Өз ойын дәлелдейді

Диаграммадағы мәліметке сүйеніп, талдау жасайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Сауда айналымы, көрсеткіш, жоғарылау, төмендеу, себебі, салдары, табыс, шығын т.б.

Құндылықтар

Өзгенің пікіріне құрметпен қарау, сауда-саттық дипломатиясы

Пәнаралық байланыс

Экономика, құқық негіздері

Осыған дейін меңгерілген білім

Нарық пен сауда үйлеріндегі кіріс деңгейі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 5 мин

Оқушылар берілген сурет пен сөздерді өзара байланыстырып, сабақтың тақырыбын болжайды.

Жұмбақтар жасырылады.

 

Бір қара дөңгелек,

Арлы-берлі дөңгелеп.

Әр нәрсені тексеріп,

Санағанда тым зерек. (есепшот)

 

Артық кемді теңестірер,

Дәнді де өзі жемес бірер.(таразы)

«Ыстық картоп» ойыны арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушыларға тақырып аясында «жуан/жіңішке» сұрақтар қойылады, жауаптар қысқа да нұсқа болуы тиіс, «картоп» (доп) «суып қалмау керек», сұраққа жауап беруге қиналса, сыныптастары көмектеседі.

Сұрақтар үлгісі:

·         Сауда деген не?

·         Сауда мұраты не?

·         Саудада табысты болудың қандай жолы бар?

Т.б.

Оқу мақсатымен танысады.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Екі жақты күнделік»

 

Топтық  жұмыс.

Оқушы к.нделіктің бірінші бағанына диаграммадағы негізгі ақпаратқа талдау жасауға көмектесетін кілтті сөздер тізбегін құрастырса, екінші бағанында сөздің мәнмәтіндегі қолданысын көрсету үшін сөйлем құрап жазады. Кейін оқушылар дәптерлерімен ауысып, «Плюмин» тәсілі арқылы бір-біріне кері байланыс береді.

 

Жұптық жұмыс

«РАФТ» стратегиясы жағдаят арқылы жүзеге асады.

Р-рөл. (ҚР сыртқы сауда қызметкері/тілші)

А-аудитория. (көрермендер)

Ф-форма (сұхбат)

Т-тақырып. (ҚР сыртқы сауда айналымының динамикасы)

Оқушылар лексикалық минимумда берілген сөздерді қолданып, төмендегі кестені толтырады. Нәтижесін жұп болып талқылайды.

 

Сөз

Анықтама/аудармасы

Сөз тіркес

Сөйлем

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдалым

«Жылыжай – мол өнім мен толымды табыс көзі» атты бейнебаянды екі рет тамашалайды.Оқушылар «Карусель» әдісі бойыншатыңдалымның негізгі мазмұнынталқылайды.

Оқушылар төмендегі сұрақ бойынша жеке позицияларын анықтап, екі командаға бөлінеді (қолдаушылар мен қарсы пікірді ұстанатын топ).  Аргументтерді төмендегі кестеге түсіріп, дебатқа дайындалады.

 

Шаруашылықтың бұл түрін бизнеске айналдыру мүмкіндігі бар ма?

 

Болады

Дәлелдер

1.      …

2.      …

 

Қаупі бар

Дәлелдер

1.      …

2.      …

Қорытынды ой  мен ұсыныстар

 

 

Дайндық жұмысы аяқталған соң қолдаушылар мен даттаушылар арасында пікірталас ұймдастырылады. Ең көп әрі сенімді дәлел келтіре алған топ жеңімпаз атанады.

Жауаптар қарсылас топ оқушылары («Бас бармақ» тәсілін қолдануға болады) мен мұғалімнің сырттай бақылаумен өтеді.

 

Тыңдалымнан кейнігі тапсырма

Өз аймақтарының ерекшеліктерін ескере отыра сауда- саттық саласында қандай жоба ойластырар едіңіз?

Оқушылар шығармашылық жұмысқа кірісіп, жобасын постер, макет т.б. түрде ұсынады. 

Оқушыларға жағдаят ұсынылады:

Сіз Қазақстанның сыртқы сауда департаментінің қызметкерісіз. Алдағы уақытта аймақтық телеарнада «Сауда және табыс» атты бағдарламаға қатысуға шақыру алдыңыз. Сұхбатқа дайындалу үшін төмендегі диаграмманы қолданып, көрсетілген уақыт аралығындағы Қазақстанның сыртқы сауда нәтижелеріне қысқаша талдау жасап, өз бағаңызды беріңіз.

 

 

Дереккөз: http://qps.ru/zMjGo

 

Жұмыс нәтижелерін тексеру барысында оқушылар рөлге еніп, айтылым процесін сахналық көрініс ретінде ұсынады. Телекөрермендер (қалған оқушылар) «Бас бармақ» әдісі арқылы  кері байланыс беріп отырады.

 

 

Диаграмма суреті

Сабақтың соңы

5 мин

 

 

Рефлексия

 

 

 

«Поезд»

 

 

Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау

 

 

Қосымша ақпарат

 

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 

 

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

                 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *