ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Алипкалиева Гульфия Бекетқызы,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ»

МКД ППҚ кафедрасының аға оқытушысы

Абдрахманова Анаргуль Жумабаевна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша  ПҚ БАИ» «Инновациялық технологиялар және ғылыми жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Елбасы «балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға» шаралар қабылдау қажеттігін көрсетті. Көрсетілген үш тілдің әр қайсысы кез-келген салада өзінің қолданыс мүмкіншілігін барынша ашуы тиіс.

Білім беруді жаңғырту үдерісін мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастаған қажет, өйткені бұл кезеңде тұлғаның қалыптасу негізі қаланады.

Қазақстандағы көптілді білім беру моделі, әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңінен бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін ашуға үш тілді

– қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгеруге бағытталған. Тілді қазіргі замандағы диалогтың құралы ретінде қолданатын тұлғаны қалыптастыру білім беру үдерісінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. «Тілді иеленуші тұлға» тек лингвистикалық қабілеттерінде емес, сөйлеу әрекетінде сөзді түсініп өз ойын тұжырымдау қабілетінде байқалуы тиіс, бұл қасиет біртіндеп басқа тілде сөйлесу кезінде өзінің адами әлеуеті мен кәсіби құзыреттілігін жүзеге асыра алатын «екінші тілді меңгерген» тұлғаны қалыптастырады.

Қазіргі замаңғы еңбек нарығы маманнан саяси-әлеуметтік, көп мәдениетті, қарым-қатынас, ақпараттық құзыреттіліктерін меңгеруді талап етеді. Көптілді құзыреттілігі жеке тұлғаға өзін мәдени-әлеуметтік және кәсіби салаларда шындауға ықпал етеді, өркениетті диалог негізінде адами және жұмысқа байланысты қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Көптілді құзыреттілікті отандық және шетелдік ғалымдар, көп этникалық қоғамда жеке адамға жеңіл бейімделіп өзін шындауға мүмкіндік беретін құзыреттілік ретінде қарастырады.

Қазіргі таңда ең алдымен мектепке дейінгі ұйымдардың деңгейінде көптілді білім беру мазмұнын бір жүйеге келтіру қажет. Бұл тілдік дайындықтың нормативтік базалық деңгейін бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру деңгейінде көптілді құзыретті қалыптастыруды сабақтас жалғастыру үшін қамтамасыз етуі қажет.

Мектеп жасына дейінгі кезең тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең екендігін, бала жетерлік зейін қоюға, логикалық ойлауға қабілетті екендігін, балада жетерлікті ес көлемі бар екендігін есепке ала отырып, үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындайды. Бұл тілдерді ары қарай үйренуде сөздердің лексикалық қорын құруға мүмкіндік береді.

«Тілдердің үштұғырлығының» өзектілігі практикалық маңыздылығымен де себепші. Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана алады. Мектепке алғашқы барған кезде балалардың ең бастысы — екінші тілді ары қарай үйренуге қызығушылықтары қалыптасуы, белгілі білім көлемі жинақталуы тиіс, бұл балаларға бастауыш мектепте тілдердің үштұғырлығы бағдарламасын жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін.

Мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің басымдылығымен негізделген. Ана тілін білу Қазақстанның мектеп жасына дейінгі ерте жастан бастап әрбір азаматының, міндеті мен борышы, өзінің бәсекеге қабілетті бола білуін және қоғамдық өмірге араласуды айқындайтын ынталылығы болуы тиіс.

Үш тұғырлы тіл саясаты бұл Елбасының халыққа қойған міндеті. Қазақ тілі – бұл мемлекеттік тіл, әрине, әр елдің мемлекет болып қалыптасуы үшін мемлекеттік тілдің орны ерекше. Орыс тілі – заңға сай ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – халықаралық тіл.

Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Үш тұғырлы тіл саясатын қолға алсақ та, өз еліміздің ішінде қазақ тілін өгейсітуге болмайтынын әсте естен шығаруға болмайды. Мұндайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» — деген даналық сөз ойымызға орала кетеді. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ тәрбиелеу біздің мақсатымыз.

Жалпы, «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйымдардың алатын орны айрықша. Бұл балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Ал кішкентай бүлдіршіндер – ертеңгі ел тұтқасы. Оларды парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу, сондай-ақ бүлдіршіндерге тек білім беріп қана қоймай, олардың бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыратын және де баланың жан дүниесін рухани қазыналарын байыту.

Мектеп жасына дейінгі балаларға үш тілді меңгертуде жаңа технологияларды, техникалық құралдарды оқу іс-әрекетінде жан-жақты қолдану, педагогтың көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандарының біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Бүгінгі Қазақстанда ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты, еліміздің білім беру жүйесінің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды пайдалануға үлкен мүмкіншіліктер болып жатыр. Осыдан келіп бүгінгі таңда Қазақстан педагогтеріне қойылатын көптеген талаптар туындап отыр. Мәселен, педагогтердің құзырлылығы қалыптасуы керек, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы (АҚҚ) қалыптасуы өте қажет.

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды — есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары – бұл балаларға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үдерістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылады.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. Сөйтіп, АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтің кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады.

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

«Заманауи ақпараттық технологиялар баланы қоршаған ортаның терезесі секілді» Ақпараттық технологияларға барлық арнайы техникалық ақпараттық құралдарын қолданатын технологиялар жатады.

Ақпараттық-коммуникативті технологиялар (АКТ) жаңа білім беру тәсілдерін анықтайды. Олар баланың дамуы мен оқытудың сапалы жаңа мазмұнына сәйкес келеді.

Ақпараттық технологиялардың көмегімен ақпараттармен жұмыс істеу іскерліктері қалыптасады, коммуникативті қабілеттері дамиды, «ақпараттық қоғамды» табуда тұлғаны дайындау жүзеге асырылып, зерттеушілік іскерліктері мен тиімді шешімдерді қабылдау қабілеттері қалыптастырылады. АКТ-ны дәстүрлі тәрбиелеу және оқыту әдістемелерімен, сонымен қатар, педагогикалық инновациялармен үйлесімді біріктіргенде оқытудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға, қоршаған ортаны тұтастай қабылдауын қалыптастыруға мүмкіндіктер туғызады. Компьютерлік технологияларды қолдану жеке лған білімдерін емес, тұтас, бірімен тікелей байланысты, мөлшерленген және арнайы ұйымдастырылған жүйені болжайды. Қоғамның заманауи талаптарына сәйкес АКТ-ны қолдану білім беру қызметінің сапасын арттыруға, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңа перспективалық ммүмкіндіктерімен толықтырып, кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған ақпараттық технологиялардың мазмұнына жаңа буын техникалық оқыту құралдары енеді:

  • компьютер, проектор, экрандар, сенсорлық интерактивті тақталармен жабдықталған мультимедиялық кабинеттер;
  • компьютерлік дамытушы ойындар;
  • балаларды оқытуда педагогтерге айтарлықтай мүмкіндіктерін арттыратын анимация элементтері бар видео және фото материалдар.

Үш тілді меңгеруде компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Балалар компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді.

Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол педагогты алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық ұйымдастырылған оқу қызметтерді компьютерлердің көмегімен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Мектепке дейінгі мекемелерде білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:

  • балаларға берілетін білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
  • баланың интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • білім мен тәрбиенің бірізділігі;
  • жалпы компьютерлік сауаттылық;
  • оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

Нәтижелері:

  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
  • жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы балалардың білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
  • мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
  • балалардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру;
  • интерактивті тақтада жұмыс жасауға үйрету;
  • ұйымдастырылған оқу қызметі барысында презентациялар, видеолар, әуендер қолдану. Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде мектепке дейінгі мекемелерден бастап ақпараттық технологияларды қолданудамыз.

Сонымен, үш тілді меңгертуде ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол, жаңа технологияларды жетік меңгерген, жаңа заман талабына сай бәсекеге қабілетті бола алатын тәжірибелі педагог қажет. Осындай педагогтардың білім беру нәтижесінде сөздік қорлары мол, ойлау қабілеттері ұшқыр, өз ойын еркін айта алатын, жан жақты жас жеткіншек тәрбиеленеді.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен бүлдіршіндерді үш тілде меңгертуге болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – ол білімді азаматы.

Ал, білімді азамат, саналы ұрпақ өсіру біздің міндетіміз.

Қолданылған   әдебиеттер:

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдау 31 қаңтар 2017 жылғы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің

2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы

Қазақстан   Республикасында   орта   білім    мазмұнын   жаңарту   шеңберінде   қазақ     тілінде

оқытатын   мектептердегі   бастауыш   сынып   пәндері   бойынша   педагогика    кадрларының

біліктілігін  арттыру   курсының  білім   беру   бағдарламасы   Бодди   Д.,  Пэйтон  Р.   Основы

менеджмента: Пер. с англ. СПб.: Питер, 1999.

Егемен Қазақстан газеті №4, 9, 11 – 2017ж.

Орта мектеп жаршысы республикалық оқу-әдістемелік журнал №4 – 2016ж. 27

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *