Қызыл армияның Қазақстанда құрылған ұлттық бөлімдері

Қызыл армияның Қазақстанда құрылған ұлттық бөлімдері (1918-1940). Түркістан автономиялы Кеңестік Республикасы құрған Қызыл армияның ұлттық бөлімдері.
1918 ж. 18 қаңтарда Халық Комиссарлары Кеңесінін төрағасы В.И.Ленин «Жұмысшы — Шаруа Қызыл Армиясын құру туралы» декретке қол қойды. Алғашқы кезде Қызыл Армия еріктілерден құрылды, өйткені Кеңес өкіметінің армияны жергілікті жерде есепке алып, ұйымдастырып, оны қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыратын әскери ақпараты болмады.
1918 ж. көктеміңде Антанта елдері Кеңестік Ресейге қарсы ашық интервенция бастады. Англия, Франция, АҚШ, Жапония, Италия әскерлері кеңестік солтүстік пен Қиыр Шығысқа басып кірді. Май айында Антанта Кеңес өкіметі босатқан соғыс тұтқындарынан құрылған чехословак корпусынын контрреволюциялық бүлігін ұйымдастырды. Корпусқа орыстың көптеген ақ гвардияшылары қосылды. Бұл бүлік Волгадан Владивостокқа дейінгі ұлан-байтақ жерді қамтыды. Бүлікшілер қарусыз халыққа ойран салып, Самараны, Қазанды, Симбирскіні, Новосибирскіні, Петропавлды, Омбыны, Семейді, Қостанайды, Уфаны басып алды. Бұл жағдай ішкі контрреволюцияшыл күштерді жандандырды. Волгада, Оралда, Сібірде кулактардың бүліктері шықты.
Антантаның көмегіне сүйеніп, адмирал Колчак пен генерал Толстов қылмысты ерекеттерін өрістетті. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың әскерлері Орынборды басып алып, Қазақстан мен Түрікстанның кеңес аудандарын елдің орталығынан уакытша бөліп тастады. Осындай ауыр кезде, 1918 ж. 14 маусым күні В.И.Лениннің Кеңес Қызыл Армиясының ұлттық бөлімдерін ұйымдастыру туралы «Барлық еңбекші мұсылмандарға» деген үндеуі шықты.
Патшалы Ресей ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазак елін толық жаулап алып, оны үш әкімшілік құрамына бөліп тастады. Қазан төңкерісіне дейін, Қазақстанда бір орталықтан басқаратын әкімшілік болған жоқ. Қазіргі Қазақстан Республикасының Сырдария, Жетісу, Түркістан генерал-гу-бернаторлығы, Семей және Ақмола облыстары, Далалық генерал-губернаторлығы, Торғай облысы — Орынбор губерниясы сияқты әкімшілік бірліктері құрамында болды. Алдын ала еске салайық, Қазақстан азамат соғысы жылдарында біртұтас мемлекет болмағандықтан, шетел ингервенциясы мен азамат соғысы жылдарында мұнда құрылған Қызыл Армияның ұлттық құрамдарын екі негізгі облыстарға бөлуге болады. Біріншісін, Түркістан Автономиялы Кеңестік Республикасы құрамына кіретін облыстардың -Жетісу, Сырдария (Амудария бөлімін қоса), Закаспий бөлімдерінің және Алтай губерниясьшың қазақтары мен басқа орыс емес ұлттарын құрайды. Екіншісін, Қазақ әскери комиссариаты құрған Қызыл Армияны ұлттық қазақ әскер бөлімдері құрайды.
1918 ж. екінші жартысында Н.А.Поскуцкий басқарған Закаспий майданының командованиесі қазақтардан атты әскер бөлімдерін құру туралы мәселе көтеріп, бұл істі Әндіжан кеңесіндегі жұмыста өзін белсенді көрсеткен большевик У .Бапишевке тапсырды. Қызыл Армия бөлімдерін құруға Қазалы, Перовск, Ақмешіт, Шиелі және Ферғана облысы мен басқа да облыстардын бірқатар елді мекендерінің жергілікті халқы белсене қатысты. Жауапты өкіл Бунятов 1918 ж. аяіында Ташкентте жергілікті қазақтардан құралған еріктілердің бірнеше эшелондарын жіберді: Қазалыдан 130, Перовскіден — 135, Шиеліден -161, Ферғана облысынан — 118 адам болды.
1918 ж. қараша айы бойына Бунятов Түркістан Республикасының әскери халық комиссариатына әртүрлі ұлттардан құралған 554 еріктілерді жіберді. 1918 ж. 12 желтоқсанда У.Бапишев Түркістан Орталык Атқару Комитеті бекіткен Түркістан әскери комиссариатының №17083 мандатын алды, онда Закаспий майданы штабының өкілі У.Бапишевке мұсылман (қазақ) Қызыл Армиясын құру туралы тапсырма бергені айтылды. 1918 ж. аяғында Әндіжан мұсылмандық Кеңесі Атқару комитетінің Ашхабад майданы әскери-саяси штабынын төрағасы У.Бапишевке жіберген баяндамасында қысқа мерзімде мұсылман Қызыл Армиясы қүрылып, оның жаттықтырылған бір бөлігі социалистік Қызыл Армиянын қатарын толықтыру үшін Ташкентке жіберілгені хабарлан-ды. Баяндамада сонымен қатар 300 мұсылманның әскери 1918 ж. екінші жартысында Н.А.Поскуцкий басқарған Закаспий майданының командованиесі қазақтардан атты әскер бөлімдерін құру туралы мәселе көтеріп, бұл істі Әндіжан кеңесіндегі жұмыста өзін белсенді көрсеткен большевик У .Бапишевке тапсырды. Қызыл Армия бөлімдерін құруға Қазалы, Перовск, Ақмешіт, Шиелі және Ферғана облысы мен басқа да облыстардын бірқатар елді мекендерінің жергілікті халқы белсене қатысты. Жауапты өкіл Бунятов 1918 ж. аяғында Ташкентте жергілікті қазақтардан құралған еріктілердің бірнеше эшелондарын жіберді: Қазалыдан 130, Перовскіден — 135, Шиеліден -161, Ферғана облысынан — 118 адам жіберілді.
1918 ж. 18 қыркүйекте Түркістан қаласында атты қазак
жүздігінің екі эскадроны, сонымен қатар социалистік мұсыл-
мандық армияны ұйымдастыру жөніндегі штаб құрылды.
Штаб бірден жұмысқа кірісті. 1919 ж. 14 ақпанда У.Бапишев
қол қойған №2 бұйрық жарияланды, онда қабылдау комисси-
ясынан өткен қызыл әскерлердің тізімі берілді. Бұл тізімде
1919 ж. 13 қаңтардан 12 ақпанға дейін қабылданған жергілікті
ұлттардың өкілдерінен-құрылған 117 еріктілердің есімдері
аталды. Еріктілерді қабылдаумен қатар, әскери штаб киім, аяк киім дайындау үшін еріктілер материалдар іздеумен, азық-түлік дайындаумен т.б, шұғылданды. 1919 ж. 20 ақпанда штаб Ұра төбедегі Кеңес төрағасы «әскери киім үшін шұға сатып алуға» 100000 сом жіберді. Ал 20 ақпандағы №6 бұйрықта «Қоқан атқару комитетінен 1319 пар етік, Ташкент қоймасынан 400 пар іш киім, 100 пұт ұн, 50 пұт сұлы, 5 жәшік сіріңке» алынғаны хабарланды. 1919 ж. наурызының аяғында 316 еріктілер қабылданды,
1919 ж. 13 наурызда жалған жаламен Түркістан әскери ко-
миссариаты У.Бапишевті тұтқынға алғанына байланысты
оның қызметі эскадрон командирі Добровольскийге
жүктелді. Әулие-Ата уезінде қабылданатын еріктілер санын 1000-ға жеткізу жоспарланды, алайда қажетті жағдайлардың болмауы бұл жұмысты тежеп отырды. Кадрлар, әскери киім, азык-түлік жетіспеді. Сол кезде социалистік мұсылмандық армияны құру жөніндегі штабты тарату туралы мәселе қойылды, бірақ Добровольскийдің баяндамасы бойынша әскери комиссариат штабты қайтадан құрумен ғана шектелді. Штабқа әзірше жиналған еріктілерден жеке мұсылмандык Қызыл Армия емес, тек 4 эскадроннан тұратын атты әскер полкін құру тапсырылды. Бұл мәселе Ресей Федерациясы-ның 1919 ж. 9 сәуірдегі Түркістан Республикасының әскери істері жөніндегі №297 бұйрығында айтылды. «Ташкент қаласында округ бойынша 1919 ж. жарияланған №123 бұйрықта көрсетілген штатқа сәйкес 4 эскадроннан тұратын кеңестік мұсылмандық атты әскер полкі құрылатыны республика бас-шылығына хабарланады». 1919 ж. 19 наурызда уақытша комиссия Түркістан Республикасының армиясы құрамына тоқымашы-жұмысшылардан құрылған қазак полкін енгізу туралы шешім қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *