Қазақ өлкелік әскери комиссариаты жанында құрылған Қызыл армияның ұлттық бөлімдері


1917 ж. 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында алашордалықтардың Бүкіл қазақтық съезі болды. Съездің шешіміне байланысты Алаш территориясын ұлттық автономия деп жариялап, оның құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей Ордасы, Маңғышлақ уездерін, Закаспий облысын, Самарқан облысының Жизақ уезін, Сырдарияның Амудария бөлігін тез арада беруі керек және Алтай губерниясының Славгород, Змеиногород, Бийск уездерінін қазақтары кіруі керек еді. Съезден кейінгі Ташкент темір жолы линиясы бойындағы соғыс жағдайы Алашорданын Ә.Бөкейханов бастаған бір бөлігін Семей облысына кетіп, саяси жұмыс жүргізуге, келесі бөлігінің Жымпиты және Орал облысының қазақтары арасында саяси жұмыс жүргізуге мәжбүр етті. Кейіннен бұл бөлігі Алашорданын Батыс бөлігі деп атала бастады, басшылары Жанша және Халел Досмұхамедовтер болды. Қазақ аймағының автономиялығының тану туралы Кеңес өкіметімен келіссөз жүргізу үшін Алашорданың Батыс бөлігінен Мәскеуге делегация барды. Мәскеудегі орталык Алашты автономия деп танудан бас тартты. Ешбір мәселеге келісе алмаған делегация Оралға қайтып келді. Кейін Алашорда мүшелері жасырын түрде Жымпиты қаласына жиналып, өз үкіметін құрды және Орал облысы-ның қазақтарын қаруландыру, соғыс ісіне үйрету туралы шешім қабылдады және ақгвардияшыл әскери өкіметімен келісімге келді. Бұл келісімнің негізгі мәні мынада еді. Алашорда үкіметі қызылдар ақ казақтарды өз террито-рияларынан ығыстырған жағдайда қазақтардың әскерлеріне де, қашкындарға да пана болады.
Қазақтың әскери бөлімдері ак, казактардың майданына қатыспайды, тек қазақ (Алашорда) жерлерін ғана қорғайды. Казактар қазақ даласының ішкі істеріне араласпай,кажетті жағдайда қару-жарақ, құрал-жабдық жағынан көмек беруге тиісті болды. Алашорда үкіметінің-төрағасы Ә.Бөкейханов 1919 жобасында Омбыда Колчактан қару-жарақ сұрауға барғанында Алашорда үкіметіне бағынышты оскердің құрамын, тұрған жерін, санын айтады. Солардың ішінде Жетісу майданында — 700 адам, Троицкіде — 540 адам, Орал облысында адамнан құрылған 2 (екі) әскер полкі құрылғанын көреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *