Қазақ-қалмақ соғысындағы түбегейлі бетбұрыс және Аңырақай шайқасы

Қазақ-қалмақ соғысындағы түбегейлі бетбұрыс және Аңырақай шайқасы (1730). Аңырақай шайқасынан кейінгі жоңғарлар және Абылай басшылығындағы қазақ әскері (1731-1745).
Қазақ-қалмақ соғысының екінші кезеңіндегі қазақ хаңдығының сыртқы саясатына келсек, қазақ жеріне аш бөрідей анталаған қоқан хандығы, қалмақ, орыс, қытай елдерінің қаупін білген ақын бір шумақ өлеңмен сол кездегі қазақ хандығының сыртқы қатынасын бедерлейді:
Былай барсаң Коқан бар,
Қоқаңдаган әкең бар.
Былай барсаң, қалмақ бар,
Күшіңді ептеп алмақ бар.
Былай барсаң, қытай бар,
Жапырағыңды бұтай бар.
Былай барсаң, орыс бар,
Балаңды берсең қоныс бар.
Шындығында, батыс пен солтустіктен Ресей империясы кеуделеп келе жатты, шығысында Қытай империясы, оңтүстігінде ислам фанатымін басшылыққа алған Қоқан хандығы. Осынау аш бөрідей анталаған елдердің ішіндегі Ресей мен Қытайдың агрессияшыл саясатына алданған ең қауіптісі Жоңғария болатын.
Осындай ауыр, жан-жағынан қоршаған жауға қарсы тұрып, жерін, елін қорғау үшін XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғында Сайрамға жақын іргелес Сазтөбе деген жерде үш орданың ел билеушілері мен ру басылары қатысқан бүкіл қазақтың үш Ордасының съезі шақырылды. Сьезден кейін Кіші Орданың хандық билігі Әбілхайырдың, Орта Орда Сәмеке мен Күшіктің қолына көшті. Ұлы Орда билігі Төле биде қалды. Қазақ даласьшың үш Ордаға (жүзге) бөлінуі біздің қазіргі ұғымымыздағы бір-біріне тәуелсіз бөліну емес, оның себебі жаугершілік заманда қазақтын кең-байтақ аумағын батыстағы, солтүстіктегі, шығыстағы және оңтүстіктегі жаудан қорғау үшін майданға бөлініп, елді қорғауға және керек кезде даяр болу үшін қабылданған шешім болатын. Осылайша елді жаугершілік жылдарда үш бөлікке бөліп басқару Хұндар, Түрік империясы, Шыңғыс хан заманынан келе жатқан дәстүр болатын. Сол дәстүрмен оң қанат, сол қанат және орталық әскер тобын құрып, даяр болу үшін көбіне-көп географиялық, саяси бірлікке ұласудан шыққан айла болатын.
Бірақ кейіннен үш ордаға бөлінудің Хұн империясына да, Шыңғыс хан империясына да, Қазақ хандығына да пайдасынан гөрі залалы көп болды. 1726 ж. ұлы кеңесте елімізді, жерімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету үшін қазақ халқы бір тоқтамға келіп, барлык күшті жауға қарсы жұмылдыру жөнінде бір пікірге келгені туралы А.И.Левшиннің айтуынша, дұшпанға қарсы алғашқы бірігу басталды.
Қазақ фольклорын жинаушы Ә.Диваевтың айтуынша, Қіші Орда, Орта Орда және Ұлы Орданың қосылып, Кіші жүзден шыққан Саңырақ батыр мен Орта жүзден Қабанбай батыр, Ұлы жүзден Ошақты (Тасжүрек) бірігіп, Бұланты және Бөлеңті өзендері Қара сиыр деп аталатын жерлерде қалмақтарға түпкілікті соққы бергенге дейін соғысқаны айтылады. Бұл жерлер күні бүгінге дейін «Қалмақ қырылған» деп аталады.
Бұланты және Бөлеңті өзендері «Қара сиыр» немесе «Қалмақ қырылған» жеңісінең кейін де үш-төрт жылға созылып, сол аймақта қалмақтардың тағы да жеңілгенін және тағы қанды соғыс болған жерді «Қан сасыған» деп атайды.
Осы кездегі қазақ тарихына байланысты қазақ ордаларының бір жерге топтасуы туралы мәселені айқындауға географиялық атаулар көмектеседі. Мұндай атауларға: Бадам станциясынан бес шақырымда және Шымкенттен батысқа қарай 30 шақырымда жатқан кішігірім Ордабасы тауы, Боралдай және Қошқараша өзеңдерінің жоғарғы жағында орналасқан Арқарлы таудағы Үлкен Орда және Кіші Орда деген бір-бірінен 4—5 шақырым қашықтықта жатқан екі шатқал, Әулие атадан шығысқа қарай Ақыртөбе және Подгорное станцияларына қарсы «Сұнқайты» және «Әбілхайыр» деп аталатын екі сай жатады.
Үш бағытта шабуылдаушы әскерге басшы топтардын бірігуі орналасқан жерінің ыңғайына қарай Ордабасы тауынан басталған, ал екінші тарихи жер үш орданың ханы Болат ханның «үлкен ордасы» қонған жер болса керек. Сондай-ак барлық қазақ қарулы күштерінің қолбасшысы Әбілхайыр ханның уақытша тұрағы «Кіші Орда қонған» жер. «Әбілхайыр сайы» деп аталады. Әбілхайыр ордасында мыңдык әскер басшылары белгіленіп, оларды жасақтайтын ру-тайпалардың саны қатаң түрде көрсетілді. Әскерге қатан тәртіп орнатылып, барлау жүргізуге жан-жақты мән берілді. Әбілхайыр Бұқарадан қару-жарақ сатып алады, ат-көлік жинастырады, әскердің дайындығын тексеруге билерді, батырларды аттандырады. Қолда бар архив материалдарына және Бұхар жыраудың «Қабанбай батыр» жырына сүйенсек, мыңдықтан әскер кұраған 29 сардардың, батырлардың рулары мен есімдері түгел толық келтірілген. Олар: 1. Қара керей Қабанбай, 2. Қанжығалы Бөгенбай, 3. Көк-жарлы көкжал Ба рақ, 4. Керей Жәнібек, 5. Шанышқылы Бердіқожа., 6. Керей Жанатай ер, 7. Тоғас Қосай, 8. Тума Шағалақ., 9. Мұрын Боранбай., 10. Үйсін Саршуаш., 11. Қыпшақ Есім хан., 12. Қыржы Бостан., 13. Тарақты Баймұрат., 14. Тоқпақ Қосабай., 15. Матай батыр., 16. Сибан Шышқожа., 17. Шойбек Сеңкібай., 18,, Қаңлы Құлан., 19. Сіргелі Елшібек., 20. Қаратай., 21. Ысты Толек., 22. Сиқымңан — Шінет, Рысбек., 23. Ботбай Сөмен., 24, Шымыр Қойкелді., 25. Қоңырат Төлебай, Болат., Кіші ордадан: 26. Рамадан Алшынбай., 27. Қарақалпақ Құланбек., 28, Жаныс Өтеген., 29. Шапырашты Наурызбай батырларды білеміз. Олар кезінде ел ардақтап атайтьш әруақты жандар еді. Бір еске салатынымыз, қазақ мыңдықтарын басқарған басшыларының есімдері рулық, жүздік деңгейден асып, жалпы ұлттық межеге көтерілген. Олар қанды сайыстарда талай рет суырылып шыққан ерлер еді. Олардың даңқы бір ғана Аңырақай шайқасында емес, басқыншы жаудан қазақ жерін толық тазартқанша есімдері ұлы далаға аңыз болып, ұран болып, ұлттық сананы қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Аңырақай шайқасына қазақтар да, қалмақтар да жеткілікті дайындалды. Қазақ әскерінің жалпы саны мыңдықтармен есептесек, 29 мыңдық немесе 29 мың адам болды. Қазақ әскерінің сол қанатын Әбілмәмбет хан, Сәмеке сұлтан, Қазыбек би, Қабанбай батыр басқарды. Әскердін оң қанатын Толе бидің өзімен бірге Қойгелді, Қосы-Шінет, ол кезде 17-18 жасар Мәмбет, Сәңкібай, Шойбек сияқты батырлар басқарды. Орталық әскер тобын Әбілхайырдың өзі, Әйтеке би, Бөгенбай, шақшақ Жәнібек батырлар басқарды. Қазақ әскерінің құрамына келсек, негізгі адам күші үш жүзден түгел қамтып құрылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *