Қазақ-жоңғар хандығы арасындағы соғыс және жоңғар хандығының күйреуі (1635-1758). Қазақ жоңғар соғысының қысқаша тарихнамасы


Златкин И.Я. Русские архивные материалы об Амурсане. Филология и история монгольских народов. М., 1958.
Осы еңбектерге сүйеніп, қазақ тарихын жазған М.Тынышбаевтың айтуына қарағанда, барлық қазақтар біркелкі дәрежеде «Ақтабан шұбырындыға» ұшырамаған. Әсіресе, Ұлы жүздің ішінде коныс аудару болмаған. Өзінің жайлаған аймағында қалып қойған. Бұл өңірге щығыстан ығысып келген кейбір тайпалардың бөлігі ғана Сырдарияның төменгі жағына қарай қарақалпақтармен бірге кешкені белгілі дейді. Қазақтардың түгелдей босқынға ұшырамағанын, өз жерінде жаумен табан тіресе соғысқанын көреміз.
«Өтеген батыр» жырында Орта жүз бен Ұлы жүздегі дулат, жалайыр, албан, найман руларынан әскер жасақталғаны жайында айтылады. Дулаттардың біразы Сарысуға қоныс аударған кезінде Өтеген солармен бірге кетпекші болғанда, ақын Өтегенге арнап:
Ақтабан болган алыс жол,
Бұл сапардан сескенем.
Атыңның басын кейін бұр,
Күтеді көмек ел сенен, —
деген халыктың сөзінен Өтеген шыға алмай мойынсұнады. Орта жүз Ұлы жүзге, үйсіндерге көмекке келеді.
Екі жүздің баласы Төмен қарай бір ықты.
Елін қоргап өлімнен,
Жауга қарай қол шықты.
Колды бастап, найза ұстап,
Өтеген батыр ол шықты, —
дейді. Қазақтардың жоңғарлармен соғысын айта келе, белгілі ғалым
У.Шалекенов өз еңбегінде: «1723 ж.»Актабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» көбірек ұшыраған Қазакстанның оңтүстігі болып, осы жерге шығыстан ығыстырылып келген кейбір қазақ тайпалары Сырдарияны төмендей көшіп, Мұғалжар тауына дейін барған». Олар онша көп болған жоқ деген корытынды жасайды.
Шындығына келсек, 1723 ж. жоңғарларға іргелес отырған найман, керей, үйсін руларының ішінара жоңғарларға бағынуы қазақ елінің болашағына қатер бұлтын төндіргенімен, бірак ол алғашқы кезеңде ел тағдырын шешетіндей басты оқиға бола алған жок. Өйткені 1723 ж. көктемде дулат, шымыр, жаныс рулары әлі қыскы қыстауында еді, дәлірек айтканда, олардың қыстаулары Ташкент төңірегіндегі Сарыағаш маңайы болған. Қарақамыс аталатын жерде де шымырлар, жаныстар кыстаған еді. Ал Ұлы жүздің жаз жайлауы — Билікел, Ақкөл, Шу маңайы. Арқадағы Ұлытауға дейін әлі көшіп келе қойған жоқ болатын.
Қазақ хандығының жасақтары (ескерлері) 1723 ж. Түркістан, Ташкентті тастап шегінгенімен, қазак хандығы жойылған жоқ, казақтар өздерінің мемлекеттігін сақтап қалды. Ал Ш.Уәлиханов айтқан «…Шошынған ел (қазақтар) сайғақтың үйіріндей дүние-мүлкі мен мал-жанын тастап, түстікке қашканы, Орта жүз Самарқан маңына, Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға дейін барып тоқтағаны» туралы құжат жоқ. Ал Ш.Уәлихановтың бұл сөзі тарихи шындык емес, Ұлы жүз бен Орта жүз негізінен, өздерінің ата қонысында жоңғар шапқыншылығы кезінде де қала берді. Сондағы аңғарғанымыз — 1723 ж. жоңғарлардың алғашқы шабуылында Ш.Уәлиханов айтқандай, Орта жүз Самарқан, Кіші жүз Хиуа мен Бұхара маңына шегінбеген, өздерінің ата конысындағы қыстауында болып, әлі жайлауға көшпеген.
Тағы бір көңіл аударар мәселе, ол тарихшылардың тілге тиек етіп жүрген «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» сөз тіркесі мен «Елім-ай» өлеңі. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» тіркесін жер аты жок мақал-мәтелдерге ұқсас пайдаланады. Ал «Елім-ай» жыр-өлеңіне келсек, ол ел бірлігін сақтап, азаттык жолында күш біріктіру, мемлекетті сактау идеясы. Өлең Түркістанды қорғау кезінде шыққан көрінеді. Сонымен бұл өлең қазақтың «ит қуған қояндай қашқанын» емес, Отанды, жерді, мемлекетті, елді корғауға шақырған үндеуі еді. Осындай Отанды жаудан қорғауға шакырған үндеулердің басқа түрлері де болған. Батырларды, азаматтарды жауға қарсы тұрар ерлікке шақырып, бірлікті дәріптеу, батырларды намыска шакыру үндеулері көп болған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *