Қазақ – жоңғар соғысы


Бүгінгі күні кеңестік империя ыдырап, коммунистік қағидалар келмеске кетіп, уақыт әр нәрсені өз орнына қойып жатқан заманда бұрын бұрмаланып келген қазақ-жоңғар соғысы туралы шындықты қалпына келтіру керек.
Қазақ елінің өткендегі тарихында елеулі із қалдырған, дүркін-дүркін үзілістермен 100 жылға жалғасқан қазақ-жоңғар соғысын жазуда оқушылардың қалың көшпілігіне арналған еңбектерде 1729 — 1730 жылдардағы Аңырақай — шайқасына дейінгі кезенде 1711, 1718, 1723 — 1727 жылдардағы қазақтардың жоңғарлармен соғысын жазғанда қазақтардың елін, жерін қорғауын, ерен ерліктерін төмендетуге тырысушылықтың бар екенін байқаймыз. Тіпті қазақтардың жеңісін бұрмалап, қазақтар халық ретінде жок болып құрып кетер еді деп жазғандар да болған. Қазақ хандығы Жойылды, қазақтар түгел босқын болды деп көрсетуге ыңғай білдіретін пиғылдар да болды. Мысалы, М.Тевкелев өзінің Ресейге жазған бір хабарламасында: «Қазақ елі Ресей империясының қарамағына алынғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген, — ешқашан тыныштық көрмеген еді. Қашып, босып жүріп, малынан да, кейде тіпті қатын-баласынан да айырылып, өз бастарын сақтау үшін бас паналайтын жаққа кетті. Жоңғар қалмақтары шапқандабылай қашты, башқұрттар шапқанда кері қашты. Ал Еділ бойындағы қалмақтар мен Жайық бойыйдағы орыс, Сібірдегі орыс-казактар бас салғанда, барар жёр,басар тау таппай қалды»- деген сөзі сақталып қалыпты.
Тевкелевтен кейін орыс тарихшылары қазақ-жоңғар соғысын жазғанда казақтардың мемлекеті жоқ болып кетті, қазақтар елін, жерін қорғаған халық емес, «Ресей империясының қарамағына алынғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген» деп, андарға теңеуден бастады.
Ал жалпы алғанда, бас-аяғы жарты ғасырға созылған қазақ-жоңғар соғысы, Тевкелевтің пікірінше, тек Ресейге қосылудың алғы шарты болды делінген, қазақтың өз алдына дербес өмір сүре алмайтынының бір белгісі ретінде ғана қарастырылады. Осы секілді жалған пікірлер Ш.Уәлихановтын еңбектеріңде де кездеседі. Қазақ-жоңғар сошстарының бірі болған 1723 ж. оқиғаны Ш. Уәлиханов тым әсірелеп: «Қан-құмар жоңғарлар өкшелей қуған қазақтар бейнебір үріккен киіктей жол бойы дүние-мүлкін, жүре алмай қалған жас балаларын, қарттарын, арық малдарын тастап… босып кетті…»1 -деп жазған еді.
Ал Қазақ ССР тарихьшың I томында; «1723 ж. жоңғар шап-қыншылығынан Орта жүз бен Үлы жүз руларының көпшілігі қатты күйзеліске ұшырап, мал-жандары қырыдды. Ел топ-топ болып бас сауғалап, Оңтүстік пен Шығысқа қарай қашты. Тек Ресеймен қарым-қатынастың күшеюі, орыстардың туысқандық қалтқысыз көмегі қазақ халқының азаттык күресіне көмектесіп, оларды жау тепкісінде қалу қаупінен құтқарып қатды», — дейді.
Жоғарыдағы материалдарды пайдаланған жапон ғалымы Зокота «Ресей және Орта Азия» деген кітабында сол құжат-тарға сүйеніп былай жазады: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азия-дағы ірі сахара патшалығы болды. Оларға ұйғырлар қарсылықсыз бағынды, Қырғыздар бір мезет қарсылық көрсеткен-мен, сұрапыл тегеурінге төтеп бере алмады. Ал ұзақ жылдар бойына жоңғарлармен табан тірескен қазақтар ғана бодды. Жоңғарлар қазақ елінің Шығыс жәңе оңтұстік жағындағы бірсыпыра кең-байтағын басып алды».
Ф.А.Щербина қазақ батыры қамал бұзғыш Олжабайдын ерекше бір қасиеті жайында айта келе, мынандай қызықты дерек келтіреді: «Олжабайдың тастан қашалған бейнесі ретінде сақталған сол соғыстың ескерткіштері қазіргі’ уақытқа дейін бар, Қазақтардың айтуынша, огіың жеңіске жеткен жеріне ескерткіш қоятын әдеті болған».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *