Қазақтардың азаттық шабуылы және жоңғар хандығының күйреуі

Қазақтардың азаттық шабуылы және жоңғар хандығының күйреуі (1746-1758). Қазақ-жоңғар соғысында тарих көшін бастаған батырлар.
1745 ж. қыркүйекте Қалдан Церен қайтыс болды. Елде билік үшін талас басталды. Жоңғарлардың қырқысын пайдаланған Абылай бастаған қазақ әскерлері асықпай шабуылға шықты. Орта жүз ханы Сөмеке Бөгенбай қолының тез Ұлытау маңына аттануына өмір беріп (хабар жеткізуші) жіберіп жатты. Жалпы Бөгенбай қолы бетін Сарыарқаға бұрды. Оңтүстік Қазақстанда Шілетұлы Рысбек жоңғар хонтайшысының Қаратаудағы жазғы ордасын талқан- дап, күл-парша етті.
Сол кездегі қазақ-қалмақ соғысын көзбен көрген, көргенді көкейге түйген осы батырлардың соңындағы ел-жұрты:
Қалмақпенен ұрысып,
Айдан аса сүзісіп,
Найзалары майысып,
Жаннан күдер үзісіп,
Тіземенен шіресіп,
Кеудеменен сіресіп,
Шайқасқан жер айтақыр,
Қатардвн шықты қас батыр.
Нелер боздақ жас батыр.
Кірді сонда ұрандап,
Бір жагынан Райымбек,
Қос мүйізді Өтеген.
Қабанбай мен Наурызбай
Түсірді жауга найзагай.
Бұғылы мен Торыайгыр,
Тұрысқан жердің шамасы,
Екі таудың парасы,
Ат шаптырым арасы
Қан сасыды лезде
Көкпектінің даласы.
Қазақ, қалмақ шабысқан,
Жер мен судың таласы.
Ерлер ұран салганда,
Алладан болды панасы.
Айдан аса алысып,
Төбе болды моласы.
Қазақ жерін жоңғарлардан азат еткеннен кейін рулар мен тайпалар жаппай ата мекендеріне орала бастады. Ұлы Орда тайпалары Сырдария жағалауларынан, Түркістан аймағынан, Жетісу жеріне; Орта Орда тайпалары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы ата мекендеріне оралды. Қазақ хандығы өзінің шекарасына шығысымен, Қытай империясы Жоңғар хандығына шабуыл жасай бастады. XVIII ғасырдың орта шенінде ішкі Қытайдағы шаруалар қозғалысын басқан манчжур-қытай (Цинь) империясының екі армиясы тоқсан мың әскермен Жоңғар хаңдығының жеріне келіп кірді. Қытайлардың Жоңғарияға басып кіруіне 1754 ж. жоңғар тағына үміткерлердің бірі — Әмірсананың билік үшін күресте Цинь өкіметінен көмек сұрауы себеп болады. 1755 ж. мамырында Цинь әскері Әмірсананың басшылығымен Текес (Жоңғария) алқабына басып кірді. Көп кешікпей Жоңғар хандығынын негізгі күші талқандалып, толығымен жойылды. Жоңғар хандығының қайта қалпына келуіне жол бермеу үшін қытайлықтар Әмірсананы бүкіл ойраттың басы етіп қоямыз деген уәделерін орындамай, хандықты төрт бөлікке бөліп тастады. Бұл жағдай Әмірсананың бұрынғы жақтаушыларына қарсы шығуға алып келді. Олардың арасындағы қиян-кескі ұрыс 1757 ж. Әмірсананың аз нөкерлерімен қашып кетуімен аяқталды. Жоңғарияны басып алған Цинь әскерлері ойрат тұрғындарын аяусыз қырып-жойды. Оны кытай тарихшылары да мойындауға мәжбүр бодды. Бұған мысал «Қытай тарихы очеркінде» ерекше көңіл аударылып, «Қытайлар жоңғар халкын ешбір аяусыз, бірін қалдырмастан қырып-жою арқы-
лы жеңіске жетті», -делінген.
Жоңғарияның гүлденген кезеңінде 600 мыңнан аса адам өмір сүрді. Әскери талқандаудан кейін халықтың оннан үш бөлігі жойылды, ал оннан төрті шешек ауруьшан қайтыс болды. Өлім аузынан аман қалған жоңғарлар бас сауғалап, қазак даласына қашуға мәжбүр болды. Бұл босқыншылық көп-шілік сипатқа ие болды. Оқиғаның осындай нәтижесі 1756 ж. 1 маусымдағы зандастырылған үкімет жарлығымен қазақтардың ежелгі жері Алтай аймағын қайтарып алу міндеті қойылды.
Қазақтың бұрынғы жерлері Ертістің жоғарғы ағысы, Үлбіге құяр сағасы, Бұқтырма, Нарын өзендерінің жоғары бөлігі қазақ еліне қарады. Сонымен ойрат-жоңғарлардын көпшілігі казақ жерінен кетіп, Сібірдін аудандарына және басқа да жерлерге орналасты. Ойрат басшысы Әмірсана қазак жерін паналады. Көп кешікпей манчжур-қытайлықтар Әмірсана мен басқа да ойрат босқындарьш іздеуді сылтау етіп; қазақтар тарапынан қарсылық болған жағдайда әскери күш қолдануды көздеп, Қазақстан аумағына басып кірді. Осы кезде ежелгі қазақ жерін жонғар басқынщыларынан азат еткен сұлтан Абылай өз ықпалын тек Орта жүзге ғана емес, Ұлы жүзге де жүргізді. Ол манчжур,қытайларға қарсы күш жинай бастады. 1756 ж. тамызда Цинь әскерлері мен Абылай басқарған қазақ жасақтары арасыңда әскери қақтығыс болып, казақтардың Цинь әскеріне тойтарыс берумен аяқталды. Осы жылдың жазында Жоңғарияны жаулап алуды аяқтамастан, Әмірсана мен басқа да ойрат басшыларын ұстауды сылтауратып, манчжур-қытай отрядтары Қазақстанға бірнеше жерден басып кірді. Цинь билеушілері қазақтарға қатысты ресми жарлықтарында «Циньдерге Қарсы шығушы ойраттардың жасырғандығы үшін аяусыз қырып-жоятындығы, тіпті қазақ елінің толық жойылуына дейін барады , — деп қорқытты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *