Қазақстан 20-30 жылдарда кеңес заманында


1.20-30 жылдардағы қазақ интелегенциясы: С.Садуақасов, С.Қожанов.
2.Т.Жүргеновтің тарихтағы орны

1 Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейіи елді индустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бұрынғы КСРО-ның шығыс аудандарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтардың өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұранымен жүргізілді. Мұндай оң ниетті мақсаттың қойылуына сол шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әсерін тигізді, өлкеде темірдің, көмірдің, мұнайдың, түсті металлдың мол қоры бар болатын. Осы қорды игеру мүдделері бұл жерлерде көптеген жаңа өндіріс орындары мен құрылыстарын салуға себеп болды.
Индустрияландыру Қазақстан еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ. Оның дамуы:
— біріншіден ұлттық жүмысшы табының қалыптасуына,
— екіншіден жұмысшылардың өндірістік-техникалық дәрежесін көтеруге,
— үшіншіден Қазақстанныц өнеркәсіптік деңгейін биіктетуге, сол арқылы көлік шаруашылығын, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларды жаңа техникалық негізде қайта құруға, сөйтіп халықтың материалдық жағдайын, әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді.
Қазақстанның индустриялық дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық шовинистік және жергілкті ұлтшылдық психология мен пиғылдарды да бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өнеркәсіпті өркендету саясаты іске аспайды, өйткені «артта қалған көшпелі халық» индустрияның дамуына шыдай алмайды деген шовинистік көзқарастар және дамудың феодалдық сатысынан социализмге өту мүмкін емес, көшпелі қазақ халқының өз ұлттық ерекшелігі бар, ал индустрияландыру осы «ұлттық ерекшелікті» бұзады деген пайымдаулар да айтылды. Өлкеде өз алдына томаға-тұйық, шаруашылық құру «теориясын» ұсынушылар да кездесті.
Ф. И. Голощекин республикада индустрияландыру идеясын қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп салаларының орнына, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ және орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды. Голощекиндік индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген қазақтың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар республика болашағына аса маңызы бар бұл мәселеде өлкелік партия комитетінің қойған мақсатын қайта қарауды талап етгі. Бұлардың арасынан, әсіресе, Смағүл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Алайда, Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дүрыс қойған саясатын Голощекин жергілікті ұлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді қуғынға сала бастады.
Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор еді. Ол құрылыс 1927 жылдан басталды. Аталмыш құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, тез аяқталу үшін істелген шаралардың нәтижесінде ол мерзімінен 17 ай бұрын 1930 жылы 25 сәуірде іске қосылды. Оның құрылысын жүргізуге бұл тұста РКСФР Халкомы төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов, темір жол инженері М. Тынышбаев, т. б. елеулі үлес қосты.
Сол жылдарда республикада түсті металл өндіру қарқыны едәуір күшейді. Риддерде полиметалл, Қарсақпай мыс қорыту комбинаттары іске қосылып, жаңа техникамен жабдықталды. Кезінде дүние жүзіндегі осы тектес өнеркәсіп орындарының ірісі — Балқаш мыс қорыту зауыты, қуаттылығы жағынан елімізде бірінші орынға шыққан Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш зауыты салына басталды. Сөйтіп, бірінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі бесжылдықтарда түсті металл кәсіпорындарының негізгі өндіріс қоры 27 есе артып, республика ірі өнеркәсібі негізгі өндіріс қорының 40 пайызын құрады. Қазақстан темір өнеркәсібінің, әсіресе Карағанды көмір алқабының зор маңызы болды. Республика мұнай өнеркәсібі алғашқы үш бес жылдықта бүкіл елдегі мұнай өнімінің бестен бірін беріп, Одақта үшінші орынға шықты. Сөйтіп, түсті металл, мұнай, көмір өнеркәсіп салалары Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгендігін көрсетті. Сонымен қатар химия, энергетика, металл өндеу сияқты өнеркәсіп салалары да өркендей түсті.
Ф. И. Голощекин республикада индустрияландыру иде-ясын қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп салаларының орнына, ауыл шаруашылығымен байланысты үсақ және орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды. Голощекиндік индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген қазақтың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар республика болашағына аса маңызы бар бүл мәселеде өлкелік партия комитетінің қойған мақсатын қайта қарауды талап етгі. Бұлардың арасынан, әсіресе, Смағүл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта евдеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Алайда, Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дүрыс қойған саясатын Голощекин жергілікті үлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді қуғынға сала бастады.
Партиялық-мемлекеттік қүрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин келгенге дейін жүргізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, X. Досмұхамеұдов, Т. Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педагогтердің өмірі қиылып кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *